Bestprofi Logo

Заң № 261-IV от 2010-04-02г./Қазақстан Республикасының Парламенті

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1-бап өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар;

1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;

1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)

2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондык банкі;

3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттык жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да кұралдардың жиынтығы;

3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) – жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым;

1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 3-1-тармақша өзгертілді ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы – Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;

1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап

4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

5) мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;

5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

5-1) оңайлатылған іс жүргізу – аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;

1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)

5-2) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы – оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;

1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)

6) сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;

6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;

8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;

9) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

9-1) істердің әлеуметтік маңызы бар санаты – алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар;

1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

10) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда- саттыктың тәсілі, онда тыйым салынған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық элеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.

10-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)

2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi

2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.

3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері

2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы;

3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық;

5) өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы;

6) өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы;

7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу;

8) сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы

4-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

1-тармақ өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

4-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау

1. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ төрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады.

2. Шетелдік сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешімнің заңды күшіне енген кезінен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.

6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының колданылу тәртібі

6-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға заңсыз орналастыру, кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

6- бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-1-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-1-тармақ өзгертілді ҚР 07.07.2020 жылғы № 361-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.

5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар

1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание