• Мое избранное
Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 556 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5860 болып енгізілді

Бұйрықтың күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2012 № 394 бұйрығымен (23.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысандарына тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері осы бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Мынадай:
1) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1372/1 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығының;
2) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2979 тіркелген, 2005 жылғы 23 тамыздағы N 154 (888) Юридическая газета" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 513 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық оны ресми бірінші жариялаған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                          Ж. Досқалиев
КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрі 
       _____________ Г. Әбдіқалықова 
2009 жылғы 23 қазан
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 23 қазандағы
 N 556 бұйрығымен
 бекітілген
Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық 
 парағын және анықтамасын беру 
 ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдардың азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын       құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша еңбекке жарамсыздық – уақыт бойы қарапайым өндірістік жағдайларда кәсіби жұмысты орындау мүмкін болмайтын функцияның бұзылуы бар аурулармен немесе жарақаттармен түсіндірілетін адам организмінің жағдайы және емдеудің әсерінен қайтымды, өтпелі сипатта болады;
2) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы – негізгі мақсаты жеке тұлғаны еңбекке жарамсыз деп ресми тану және оны сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату болып табылатын медициналық сараптаманың түрі;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтік қорғау шараларында куәландыратын азаматтардың қажеттілігін анықтау;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі – МӘС бөлімі) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы;
5) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – медициналық ұйымдар ұйымдастыратын комиссия;
6) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – осы ереже қосымшасындағы нысанға сәйкес азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын және оларды жұмыстан уақытша босатуды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуды растайтын құжат; 
7) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздықты куәландыратын, жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын және азаматтардың жәрдем ақы алмай жұмыстан босату құқығын беретін құжат. 
3. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы: 
1) аурулар кезінде; 
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттар мен уланулар; 
3) жүктілікті жасанды үзу кезінде; 
4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезінде; 
5) жүктілік пен босану бойынша демалыс кезеңінде; 
6) жаңа туған нәрестені асырап алу кезінде; 
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу кезеңінде; 
8) карантин кезеңінде беріледі. 
4. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы: 
1) жіті немесе созылмалы аурулары асқынғанда, жарақаттар алу кезінде немесе өзге де жағдайларда білім беру ұйымдарында оқитындарға; 
2) алкогольдік немесе есірткіге мас болу жағдайда, сондай-ақ жіті алкогольдік немесе есірткілік уыттану кезіндегі жарақаттар; 
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеу кезінде; 
4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезінде; 
5) азаматтарға консультациялық-диагностикалық ұйымдарда тексеру жүргізу кезінде инвазивтік тексеру әдістерін жүргізу және тек осы күндері ғана жұмыстан босату кезінде; 
6) Қазақстан Республикасына уақытша (демалыс, іссапар) келген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. 
5. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға (бұдан әрі – азаматтар): 
1) мемлекеттік қызметкерлерге; 
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге; 
3) өндірістік практика өткенде ақы төленетін орынға оларды тіркелген кезінде білім беру ұйымдарында оқитындарға беріледі.