Toggle Dropdown
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
"Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 167-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4889 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 18, 116, 118, 119-баптарына сәйкес және Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін мекемелер жұмысшыларының ұсыну, қарау және келісу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. "Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізімде 1999 жылғы 17 мамырда N 760 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 56-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
Toggle Dropdown
2007 жылғы 19 шілдедегі
Toggle Dropdown
N 167-ө бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдар көрсететін Ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) енгізілген мемлекеттік органдардың, белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген белгілі бір тауар нарығында алатын басым (монополиялық) орны бар нарық субъектілерінің (бұдан әрі - ұйымдар) еңбек нормаларын (табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік санын қоспағанда) және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
өтінім - еңбек нормалары және/немесе еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді қарау және келісу туралы ұйымның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға ресми мәлімдемесі (өтініші) жолдамасы;
Toggle Dropdown
материалдар - еңбек нормалары мен еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерге нормативтік, есептік және басқа да негіздеме материалдар;
Toggle Dropdown
еңбек нормасы (уақыт, қызмет көрсету, өндіру) - техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес тиісті біліктілігі бар қызметкерлер үшін белгіленетін еңбек шығындарының (жұмыс уақытының) өлшемі;
Toggle Dropdown
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі параметрлері - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлеу шарттарын анықтауы;
Toggle Dropdown
еңбек жөніндегі уәкілетті орган - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы орган;
Toggle Dropdown
уәкілетті органдар - тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органдар, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, ұйым коммуналдық меншікте болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар.
Toggle Dropdown
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Еңбек нормаларын және еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі
Toggle Dropdown
4. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерді келісу туралы өтінімді: