Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 16, 18, 116, 117, 118, 119-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө және "Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 19 шілдедегі № 167-ө бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 393-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 01 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6031 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 16, 18, 116, 117, 118, 119-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-өбұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4866 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым-тамыз):
Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесінде:
11-тармақтың екінші бөлігінде «еңбек жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтердің түпнұсқасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 167-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4889 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, № 11, 290-құжат):
Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесінде:
13-тармақтың бірінші бөлігінде:
«кітапшаланған,» деген сөзден кейін «тігілген,» деген сөзбен толықтырылсын;
«келісу және бекіту» деген сөздер «келісу, бекіту және ұзарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (А.Ә. Сарбасов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |