• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 22.08.2002 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N 1063
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін. 
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік 
құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                             2000 жылғы 12 шілдедегі
                                                N 1063 қаулысымен
                                                    бекітілген
     
         Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу
                                   ережесі
     
       Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі жеке адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы аумағының шегінде еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау, шет елге шығу мен отанына қайтып оралу құқықтарының сақталуына кепілдік береді. 
Осы Ереже Конституцияның, "Азаматтық туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" заң күші бар Жарлығының және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің нормаларына негізделген және республиканың экономикалық дамуы, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестерді реттеу мүдделерінде халықтың көші-қонын есепке алуды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай рәсімдерін белгілейді. 
     1. Жеке басты куәландыратын құжаттар және олардың түрлері 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек. 
2. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар: 
1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 
2) жеке куәлік; 
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты; 
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі. 
3. Жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады. 
4. Уәкілетті орган иесінің қалауы бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырады. 
5. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың қалауы бойынша, жасына қарамастан беріледі. 
Төлқұжатта: 
тегі, аты, әкесінің аты; туған күні және жері; жынысы; ұлты (иесінің қалауы бойынша көрсетіледі); азаматтығы; 
төлқұжатты берген ішкі істер органының атауы; 
берілген уақыты және қолданылу мерзімі көрсетіледі. 
Төлқұжатқа иесінің фотосуреті жапсырылады және мынадай жазбалар мен белгілер енгізіледі: 
1) шетелге шығуы туралы рұқсат ету жазбасы; 
2) төлқұжат иесімен бірге шетелге шығып бара жатқан 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба, үш жастан асқан балалар шығатын жағдайда олардың фотосуреттері жапсырылады; 
3) шет мемлекеттің визасы; 
4) шекарадан өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі; 
5) төлқұжаттың күшінде болу мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі енгізіледі. 
Төлқұжатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қоятын белгілер, олардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген, мөртаңбалармен ресімделеді. Төлқұжатта қандай да бір басқа белгілер жасауға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты иесінің жеке басын шетелге шыққан кезде және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде куәландыратын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Азаматтың өтініші бойынша төлқұжаттың қолданылу мерзімін уәкілетті орган тағы бір жылға ұзартуы мүмкін. 
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 
жастан бастап беріледі және республика аумағында пайдалануға жарамды 
болады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық 
азаматтардың жеке куәлігі болуы керек.
     Жеке куәлікте:
     тегі, аты , әкесінің аты; туған күні және жері; ұлты (иесінің қалауы 
бойынша көрсетіледі); тұрақты тұратын жері;
     жеке куәлікті берген органның атауы;
     берілген уақыты, қолданылу мерзімі; куәліктің коды көрсетіледі.
     Жеке куәлік:
     16 жастан 25 жасқа дейін;
     25 жастан 45 жасқа дейін;
     45 жастан бастап өмір бойы қолданылу мерзімімен беріледі.
     Жаңа тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген кезде жеке куәлік 
ауыстырылуы тиіс.
7. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, 16 жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің жеке басын республика аумағында және одан тыс жерлерде растау үшін 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Шетелге ата-атасынсыз, қорғаншысыз, қамқоршысыз шығу кезінде азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толмаған адамдарға да берілуі мүмкін. 
Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер, сондай-ақ тұратын жері туралы мәліметтер болады. 
8. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына, оның азаматы болып табылатын ел төлқұжатының қолданылу мерзіміне беріледі. 
Қоныстану ықтиярхаты иесінің жеке басын Қазақстан Республикасының аумағында куәландырады. Онда жеке куәлігінде бар мәліметтер, сондай-ақ иесінің азаматтығы туралы мәліметтер болады. 
Шетелге шыққан кезде шетел азаматының жеке басын оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты куәландырады. 
Азаматтығы жоқ адамның қоныстану ықтиярхаты мен куәлігін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
9. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте тұрған, басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің, офицерлері мен прапорщиктерінің жеке басы әскери бөлімнің қолбасшылығы және әскери мекемелер берген әскери билет бойынша және оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты бойынша куәландырылады. 
          2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру,                           алып қою және пайдалану тәртібі 
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды, осы Ережеде көзделген 
құжаттардың негізінде, тиісті адамның өтініші бойынша уәкілетті органдар 
береді.
     Ішкі істер органдары жеке басты куәландыратын құжаттар беретін 
уәкілетті органдар болып табылады.
     Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына 
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты шетелдегі Қазақстан 
Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, басқа 
мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілдіктері арқылы 
ресімделеді.
     1
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай құжаттардың:
     туу туралы куәліктің;
     Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының;
     жеке куәліктің;
     уақытша жеке басы куәлігінің;
     қайтып оралу куәлігінің;
     азаматтығы жоқ адам куәлігінің;
     шетел мемлекеті төлқұжатының;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес азаматтығын өзгерту туралы анықтаманың; егер ол адам сотталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұрған болса, бірақ жеке басын куәландыратын құжаты болмаса немесе оны жоғалтса, бас бостандығынан айыру орнынан босағаны туралы анықтаманың негізінде беріледі. 
12. Жеке басты куәландыратын құжаттар берілгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төлем алынады. Оған құжатты ресімдеудің нақты шығындарымен байланысты шығындар кіреді. 
13. Жеке басты куәландыратын құжатты құжаттандырылушы адамның тұрақты тұратын (тіркелген) орны бойынша уәкілетті орган береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі. 
14. Жеке басты куәландыратын құжаттар толтырылғанда тегі, аты, әкесінің аты және басқа да деректер, оларды беруге негіз болған құжатқа сәйкес жазылады. 
15. Төлқұжаттағы және жеке бас куәлігіндегі ұлты туралы жазу ата-анасының ұлтына сәйкес жазылады. Ата-анасы әр ұлттан болғанда азаматтың әкесінің немесе шешесінің ұлтын өз еркімен таңдап алуға құқығы бар. Ата-анасының ұлты белгісіз болған жағдайда, оны қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес құжат иесі айқындайды. Қазақстан Республикасының азаматы ұлтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгертуі мүмкін. 
16. Жеке басты куәландыратын құжаттар егер: 
адамды идентификациялау мүмкін болмаса; 
оларға өзгерістер заңсыз енгізілсе немесе оған адамды идентификациялаумен байланысты өзгерістер енгізу қажет болса; 
оларда осы Ережелерде көзделген жекелеген жазбалар болмаса немесе ол жазбалар ақиқатқа сәйкес келмесе;