Toggle Dropdown
Осы редакция 03.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Әдiлет министрлiгi белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықтарды әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 шілдедегі
N 1063 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі жеке адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы аумағының шегінде еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау, шет елге шығу мен отанына қайтып оралу құқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының, " Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ", " Халықтың көші-қоны туралы " және " Тұрғын үй қатынастары туралы ", " Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы " Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің нормаларына негізделген және республиканың экономикалық дамуы, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестерді реттеу мүдделерінде халықтың көші-қонын есепке алуды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай рәсімдерін белгілейді.
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар және олардың түрлері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек.
2. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
3. Жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады.
4. Уәкілетті орган иесінің қалауы бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырады.
5. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың қалауы бойынша, жасына қарамастан беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазулар мен белгілер енгізіледі:
1) шетелге шығуы туралы рұқсат ету жазбасы;
2) төлқұжат иесімен бірге шетелге шығып бара жатқан 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба, үш жастан асқан балалар шығатын жағдайда олардың фотосуреттері жапсырылады;
3) шет мемлекеттің визасы;
4) шекарадан өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі;
5) төлқұжаттың күшінде болу мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі енгізіледі.
Төлқұжатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қоятын белгілер, олардың нысандарын уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген, мөртаңбалармен ресімделеді. Төлқұжатта қандай да бір басқа белгілер жасауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Азаматтың өтініші бойынша төлқұжаттың қолданылу мерзімін уәкілетті орган тағы бір жылға ұзартуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында пайдалануға жарамды болады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуы керек. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл мерзімге беріледі.
7. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, 16 жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің жеке басын республика аумағында және одан тыс жерлерде растау үшін 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Шетелге ата-анасынсыз, қорғаншысыз, қамқоршысыз шығу кезінде азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толмаған адамдарға да берілуі мүмкін.
8. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, он жылға қолданылу мерзімімен, бірақ оның азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен артық емес мерзімге беріледі.
Қоныстану ықтиярхаты иесінің жеке басын Қазақстан Республикасының аумағында куәландырады.
Шетелге шыққан кезде шетелдіктің жеке басын оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты куәландырады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. ,
9. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте тұрған, басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің, офицерлері мен прапорщиктерінің жеке басы әскери бөлімнің қолбасшылығы және әскери мекемелер берген әскери билет бойынша және оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты бойынша куәландырылады.
2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру, алып қою және пайдалану тәртібі
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды, осы Ережеде көзделген құжаттардың негізінде, тиісті адамның өтініші бойынша уәкілетті органдар береді.
Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк пен төлқұжат беретiн уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға;
шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға;
көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне;
шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.
Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады.
11. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай құжаттардың:
Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының;