1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Осы редакция 30.06.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Әдiлет министрлiгi белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықтарды әзірлесін және бекітсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 № 260 Қ аулысымен. (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі жеке адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы аумағының шегінде еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау, шет елге шығу мен отанына қайтып оралу құқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Бүкіл мәтін бойынша "шетел азаматтары", "шетел азаматтарына", "шетел азаматының", "шетел азаматтарының" сөздер "шетелдіктер", "шетелдіктерге", "шетелдіктің", "шетелдіктердің" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 27.08.2009 № 1260 (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ", "Халықтың көші-қоны туралы " және "Тұрғын үй қатынастары туралы ", "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ", «Босқындар туралы », "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің нормаларына негізделген және республиканың экономикалық дамуы, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестерді реттеу мүдделерінде халықтың көші-қонын есепке алуды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай рәсімдерін белгілейді.
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 № 1260, 03 (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).03.2010 № 166 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар және олардың түрлері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек.
2. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
2) жеке куәлік;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) босқын куәлігі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2010 № 166 Қаулысымен. (27.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады.
4. Уәкілетті орган иесінің қалауы бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырады.
5. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың қалауы бойынша, жасына қарамастан беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазулар мен белгілер енгізіледі:
1) шетелге шығуы туралы рұқсат ету жазбасы;
2) төлқұжат иесімен бірге шетелге шығып бара жатқан 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба, үш жастан асқан балалар шығатын жағдайда олардың фотосуреттері жапсырылады;
3) шет мемлекеттің визасы;
4) шекарадан өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі;
5) төлқұжаттың күшінде болу мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі енгізіледі.
Төлқұжатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қоятын белгілер, олардың нысандарын уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген, мөртаңбалармен ресімделеді. Төлқұжатта қандай да бір басқа белгілер жасауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Азаматтың өтініші бойынша төлқұжаттың қолданылу мерзімін уәкілетті орган тағы бір жылға ұзартуы мүмкін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 № 260, 30.04.2007 № 352, 24 (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі).12.2008 № 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз), 27.08.2009 № 1260 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында пайдалануға жарамды болады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуы керек. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл мерзімге беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2004 № 626, 30.04.2007 № 352 27 (03.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі).08.2009 № 1260 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, 16 жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің жеке басын республика аумағында және одан тыс жерлерде растау үшін 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Шетелге ата-анасынсыз, қорғаншысыз, қамқоршысыз шығу кезінде азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толмаған адамдарға да берілуі мүмкін.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 Қаулысымен (17.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, он жылға қолданылу мерзімімен, бірақ оның азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен артық емес мерзімге беріледі.
Қоныстану ықтиярхаты иесінің жеке басын Қазақстан Республикасының аумағында куәландырады.
Шетелге шыққан кезде шетелдіктің жеке басын оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты куәландырады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2010 № 166 Қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте тұрған, басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің, офицерлері мен прапорщиктерінің жеке басы әскери бөлімнің қолбасшылығы және әскери мекемелер берген әскери билет бойынша және оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты бойынша куәландырылады.
2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру, алып қою және пайдалану тәртібі
10. Босқын куәлігінен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттарды, осы Ережеде көзделген құжаттардың негізінде, тиісті адамның өтініші бойынша уәкілетті органдар береді.
Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.
Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк пен төлқұжат беретiн уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға;
шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға;
көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне;
шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.
Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 № 260, 08.12.2006 № 1184, 03 (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз).03.2010 № 166 Қаулыларымен.(ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi)