Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі N 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 626 қаулысы
Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
6-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, жеке куәлiктiң коды және штрих-коды көрсетіледi.";
28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтарды тiркеу тұрақты тұрғылықты жерi бойынша, оның iшiнде тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, саяжай бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң тұрғын үй құрылыстарында, интернат-үйлерiнде, тұрғын үйге бейiмделген қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының