• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 23.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 761 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2007. № 149 қаулысымен (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс)
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн. 
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2007. № 149 қаулысымен (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс)
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының