"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Отправить по почте
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысы
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 559-29қ қаулысы;
2) "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 34-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 761 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 404-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Реcпубликасының Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi
1-тарау. Негiзгi ережелер
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
3) әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
4) жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн.
2-тарау. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
3. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет мәселелерi жөнiндегi заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
5. Заңға сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергiліктi атқарушы органның шешiмiмен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары құрылады.
6. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына мыналар жүктеледi:
шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
шақырылушыларды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскер түрлерi мен тектерi бойынша тағайындау туралы шешiм қабылдау;
Заңның 27, 28-баптарына сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және шақырудан босату.
7. Бiлiм беру ұйымдарының және меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алады, оларды хабардар етудi ұйымдастырады және шақыру пунктiне уақтылы келулерiн қамтамасыз етедi.
Мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын шақырылушылар жергiлiктi әскери басқару органдарының шақыруы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан өту үшiн шақыру пунктiне келедi.
8. Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келiсiмен, шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы болмаған жағдайда Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Шақырылушы шетелге қызметтiк iссапарға шығатын кезде тиiстi мемлекеттiк органның өтiнiшi негiзiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тиiстi анықтама бередi.
9. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және олардың шақыру пункттерiне келуi туралы хабарлауды жергiлiктi әскери басқару органдарының лауазымды адамдары шақыру қағазбен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолын қоя отырып жүргiзедi.
Шақыру комиссиясына шақырылатын жылы он сегiз жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру құқығы аяқталған азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан босатылған және шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы бар адамдарды қоспағанда, шақырылушы он сегiз жасқа толысымен жүзеге асырылады.
10. Шақырылушылардың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына дәлелдi себептерсiз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзiне беру мүмкiн болмаған барлық жағдайларда қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) бастықтары оларды iздестiру және келуiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына хабарлайды. Шақырудан қасақана жалтарып, сондай-ақ азаматтардың шақыру пункттерiне уақтылы келуiне кедергi келтiрген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершiлiкке тарту үшiн тиiстi органдарға тапсырылады.
11. Мыналар азаматтардың шақыру пункттерiне келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып танылады:
еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты ауруы (жарақаты);
басқа адамның көмегiне мұқтаж, толық мемлекеттiк күтiмге алынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi басқа да адамдар болмаған жағдайда шақырылушы адамның тарапынан күтiмдi талап ететiн жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы;
азаматтың жеке өзiнiң келу мүмкiндiгiнен айырған табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны, өрт және басқалар).
Келмеу себептерi тиiстi құжаттармен расталуы тиiс.
12. Шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
Медициналық куәландыру жабдықталған, осы жұмыс үшiн арнайы бейiмделген шақыру (жиын) пункттерiнде жүргiзiледi.
Шақыру пунктiндегi медициналық персоналдың жұмысына басшылықты дәрiгер, медициналық комиссияның төрағасы - әскери-дәрiгерлiк сараптама саласында қажеттi бiлiмi мен жұмыс тәжiрибесi бар, неғұрлым бiлiктi дәрiгер-мамандардың қатарынан тағайындалатын шақыру комиссиясының мүшесi жүзеге асырады.
13. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары шақырылушылар мен әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес шешiм шығарады.
14. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тиiстi түрi мен тегiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешiм қабылдау кезiнде олардың өндiрiстiк бiлiктiлігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескередi, осыған байланысты, әдетте:
зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығаруға байланысты ұйымдарда жұмыс iстейтiн шақырылушылар тиiстi әскер түрлерi мен тектерiн жасақтауға жiберiледi;
режимдi және арнайы бөлiмдердi жасақтау үшiн көрсетiлген командаға алдын ала iрiктелген шақырылушылар жiберiледi;
әуе-десант әскерлерiн жасақтау үшiн шақырылушыларды бiрiншi кезекте парашютшi спортшылар қатарынан iрiктеу жүзеге асырылады. Шақырылушылардың кемiнде орта бiлiмi, жақсы дене бiтiмi (бойы 170 см-ден кем емес) болуы тиiс.
Республикалық ұланды жасақтау үшiн дене дайындығы жақсы (бойы 178 см-ден төмен емес), кемiнде орта бiлiмi бар шақырылушыларды басым тәртiппен iрiктеу жүзеге асырылады;
жоғары бiлiмi бар шақырылушылар оқу бөлiмдерiне олардың бiлiмiне және әскери дайындық бейiнiне ұқсас мамандықтар бойынша жiберiледi;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |