• Мое избранное
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысы

Редакция 20.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.08.2024 жылғы № 673 Қаулысына сәйкес (01.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 427-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 620 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2014 жылғы № 378 Қаулысына сәйкес (15.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (18.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2014 жылғы № 1215 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (20.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2019 жылғы № 835 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2020 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес (07.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2020 жылғы № 701 Қаулысына сәйкес (11.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2022 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.08.2024 жылғы № 673 Қаулысына сәйкес (01.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2025 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (20.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2025 жылғы № 1198 Қаулысына сәйкес (19.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар:
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке;
2) запастағы офицерлерді әскери қызметке;
3) әскери жиынға;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әскери команда – екі немесе одан да көп адамнан тұратын құрамда әскери қызмет өткеретін жерге бара жатқан әскери қызметшілер тобы;
2) әскери команда құру – әскери бөлімдер (мекемелер) бойынша топтарды әскерге шақырылуға тиіс азаматтармен жасақтау процесі;
3) әскерге шақыру пункті – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік аумағы шегінде құрылатын, әскерге шақырылушыларды есепке алу-әскерге шақыру жұмысын жүргізуге, медициналық куәландыруға, жиын пунктіне жеткізуді және онымен бірге жүруді ұйымдастыруға арналған пункт;
4) жиын пункті – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әкімшілік аумағы шегінде құрылатын, әскерге шақырылушыларды бақылау мақсатындағы медициналық қарап-тексеруге, әскери команда құруға және оны әскери бөлімге (мекемеге) әскери қызмет өткеретін жеріне жіберуді ұйымдастыруға арналған пункт;
5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ҚМ АЖ) – жұмылдыру ресурсын есепке алудың азаматтарды дербес әскери есепке алуға және ақпараттық жүйемен интеграциялық өзара іс-қимыл жасауға арналған автоматтандырылған жүйесі.
4. Әскери қызметке шақырылатын азаматтарды шақырту Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес шақырту бойынша жүзеге асырылады.
Шақыртуда:
1) шақырылатын азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні;
2) шақырту жіберген органның атауы;
3) азаматтың келуі қажет органның мекенжайы;
4) шақырту жіберілген күн;
5) жергілікті әскери басқару органына келетін күні мен уақыты;
6) азаматты шақырту мақсаты туралы мәліметтер қамтылады.
Азаматты шақыру мақсаты медициналық куәландыру немесе қарап-тексеру, зерделеу, әскерге шақыру комиссиясының отырысына немесе әскери қызмет өткеру үшін әскери бөлімге (мекемеге) жіберу үшін, әскери қызметке тиесілігін айқындау үшін шақыру болып табылады.
5. Ұйым басшылары – жұмыс берушілер жергілікті әскери басқару органы шақырған кезде қызметкерлерді хабардар етуді ұйымдастырады, сондай-ақ олардың уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
6. Азаматтарды медициналық куәландыру, бақылау мақсатында медициналық қарап-тексеру, қайта медициналық куәландыру мен медициналық қайта куәландыру тәртібі, сондай-ақ медициналық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясы туралы ережеге сәйкес айқындалады.
7. Әскери қызметке немесе әскери жиынға шақырылатын жұмыскерлер жергілікті әскери басқару органына шақырылған кезде медициналық комиссиядан өтіп жүрген кезеңде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орнындағы жалақысы сақталады, ал әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметті қоспағанда) немесе әскери жиында жүрген кезінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) жұмыскерді әскери жиынға шақыру туралы хабарламаны шақырылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс (оқу) орнына жібереді.
2-тарау. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
8. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Заңның 31-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз – жиырма жеті жас аралығындағы азаматтар шақырылады.
9. Алдағы күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау үшін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары (бұдан әрі – әскерге шақыру жоспары) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери басқару органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейтін, жыл сайын 15 қазанға дейін ҚР ҚК Бас штабына ұсынатын әскери бөлімдерді (мекемелерді) жасақтауға өтінім негіз болады.
Әскерге шақыру жоспарынан үзінді және оны іске асыру құжаттары тиісті жылғы 10 қаңтарға дейін әскери басқару органдары мен жергілікті әскери басқару органдарына таратылады.
Қажет болғанда әскерге шақыру жоспарына өзгерістер енгізу күзгі әскерге шақыру басталғанға дейін, бірақ 20 тамыздан кешіктірілмей Үкімет қаулысымен белгіленген ағымдағы жылға әскери қызметке шақырылатын азаматтар саны шегінде жүргізіледі.
10. Қорғаныс істері департаменттері тиісті жылғы 1 ақпанға және 1 тамызға дейінгі мерзімде бағынысты қорғаныс істері басқармаларына (бөлімдеріне) бақылау мақсатында медициналық қарап-тексеру және әскери команданы жөнелту графигін азаматтарды әскерге шақыруға бөлінген тапсырмасымен бірге жібереді.
11. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын уақтылы және сапалы жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруға дайындалу кезеңінде жергілікті әскери басқару органы мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды зерделеуді ұйымдастырады және жүргізеді.
12. Әскерге шақырылушыларды зерделеу қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) олардың денсаулық жағдайы туралы; жұмыс (оқу) орны туралы; білімінің бар-жоғы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы; қылмыстық құқық бұзушылық жасаған-жасамағаны туралы мәліметтерді жоспарлы жинақтау негізінде жүзеге асырылады және екі кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезең қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) жыл сайын 10 қаңтардан 28 ақпанға дейін және 10 шілдеден 28 тамызға дейін өткізіледі.
Екінші кезең жыл сайын 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жиын пунктінде өткізіледі.
13.  Бағынысты қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) зерделеуді ұйымдастыру мақсатында қорғаныс істері департаменттерінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) әскерге шақырылушыларды зерделеу жоспары жасалады;