N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 453 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2008. № 116 Қаулысымен. (13.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы
N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
5-тармақта "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн ", интерндерге айлық есептiк көрсеткiштiң 5,5 есе мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта "мен интерндерге" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |