Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2008. № 116 Қаулысымен. (05.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттiк білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың" деген сөздердiң алдындағы "Мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы және мәтiндегi "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың", "бiлiм беру ұйымдарында оқитын", "бiлiм беру ұйымдарында оқитындар" деген сөздердің алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік бiлiм тапсырысы (гранты) негiзiнде бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш бiлiм беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттiк стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:";
5) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
7-тармақтағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
22-тармақтағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
24-тармақтағы "оқу орнынан" деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
27-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
28-тармақтағы "бiлiм беру ұйымы деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібi туралы нұсқаулықтың қосымшасында:
тақырыбындағы "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың" деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |