• Мое избранное
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3317

Редакция 06.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2012 № 426-ө-м (21.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн. 
2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн. 
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Келісілді: 
Қазақстан Республикасының 
Десаулық сақтау министрі
2004 ж. 07.12.
Келісілді: 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі
2004 ж. 07.12.
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрінің
 2004 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 286-ө бұйрығымен бекітілген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2012 № 426-ө-м (21.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулыларына сәйкес әзірленді және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын айқындаудың тәртібін регламенттейді.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) – мүгедекті оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.
ОЖБ организмнiң бұзылған және жойылған функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды. ОЖБ-ны әзірлеу организм функцияларының тұрақты бұзылуы тудырған тыныс-тіршіліктің шектелуін бағалау негізінде жүргізілген сарапшылық-оңалту диагностикасының нәтижесіне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады;
2) оңалту-сараптамалық диагностика - оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
Оңалту-сараптамалық қорытындының мазмұны мен құрылымы оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады;
3) оңалту әлеуеті – мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабiлеттерiн медициналық, психологиялық және әлеуметтiк факторларды талдау негiзiнде қалпына келтірудің нақты мүмкiндiктерінің көрсеткiшi.
Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:
жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік жағдайының толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың көмегімен, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;
төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;
оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу;
4) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін iске асырудың болжамды мүмкiндігі және мүгедектi қоғамға кiрiктірудiң болжамды деңгейі.
Оңалту болжамы былайша бағаланады:
қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысындағы шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру және/немесе орнын толтыру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігу мүмкіндігі;
біршама қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелуі санаттарын ішінара қалпына келтіру және/немесе орнын толтыру мүмкіндігі, олардың шектелу дәрежесінің төмендеуі немесе тұрақтануы, мүгедектің кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілетінің кеңеюі;
күмәнді – болжамның анық болмауы;
қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру, тұрақтандыру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
 айқындау тәртібі
3. ОЖБ-ны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалған құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлейді.
4. ОЖБ мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші негізінде, мынадай құжаттардың ұсынылуымен әзірленеді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі (он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін) және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы). Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);
3) ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 088/у нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) немесе медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
4) мүгедектігін растайтын анықтаманың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
5) динамикалық тексерілуді талдау үшін амбулаторлық науқастың медициналық картасы;
6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі (ЖСН) және салыстыру үшін түпнұсқасы;
7) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін:
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда еңбекке қабілетті жастағы адам береді);
- еңбек сипаты мен еңбек жағдайларын өзгертуге мұқтаж мүгедектер үшін өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәлімет (1-қосымша);