• Мое избранное
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 40

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Редакция 25.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
  • 1
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін;
2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.
3-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2013 жылғы № 607 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакциясын қараңыз)
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті                               Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
  • 26
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2010 жыл
Бағдарламаның паспорты
Бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2013 жылғы № 607 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакциясын қараңыз)
Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасын үдемелі
индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама
Әзірлеу үшін негіздеме














1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009
жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр
Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009
жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде
берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 1-тармағы;
2) Қазақстан Республикасының Президенті
Әкімшілігі Басшысының 2009 жылғы 19
қыркүйектегі № 01-30.27 бұйрығымен бекітілген
2009 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Парламенті төртінші
шақырылымының III сессиясында Қазақстан
Республикасының Президенті берген
тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының 3 және 4-тармақтары.
Әзірлеуші



Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
және сауда министрлігі, Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
Бағдарламаның мақсаты

Экономиканы әртараптандыру және оның
бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты
және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету
Міндеттері












Экономиканы әртараптандыруды және оның
бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз
ететін басым секторларын дамыту
Экономиканың басым секторларын дамытудың
әлеуметтік тиімділігін күшейту және
инвестициялық жобаларды іске асыру
Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау
Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық
ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу
орталықтарын құру
Экономиканың басым салаларын дамыту
процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді
іс-қимылын қамтамасыз ету
Іске асыру мерзімі 2010 - 2014 жылдар

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері



Мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялар
мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын
қоса алғанда, кәсіпорындардың, ұйымдардың
қаражаты. Республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын
кезеңге арналған тиісті бюджеттерді
қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Нысаналы индикаторлар Мыналарды: 1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылға қарағанда нақты мәнде кемінде
38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге;
2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 30 %-ға;
5) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде (2008 жылдың салыстырмалы бағаларымен) кемінде 1,5 есеге;
6) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 43 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 87 %-ға дейін;
7) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен
компаниялардың тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 49 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 78 %-ға дейін;
8) жер қойнауын пайдаланушылардың (тау-кен кешені) тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 12 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 74 %-ға дейін;
9) НКОК, ҚПО және ТШС көрсеткіштерін есепке алмағанда, жер
қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ секторы) тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 16 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 72,5 %-ға дейін;
10) жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы
жергілікті қамту үлесін - 15 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 68 %-ға дейін;
11) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 10 %-ына дейін ұлғайту.
ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2008 жылғы деңгейден кемінде 10 %-ға азайту.

Кіріспе
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.
2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.
Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.
Ағымдағы жағдайды талдау
2000 жылдың басында негізі салынған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұрыс екенін көрсетті: экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды.
Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздері:
экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;
серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;
әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;
мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін келіссөз алаңдары құрылды.
Инвестициялық саясат шеңберінде инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайтын заңнамалық база жетілдірілді.
Бұл шаралар мұнай-газ өндіру секторының өсуімен байланысты экономиканың белсенді өсуі кезеңінде экономиканың мұнайға қатысты емес секторының да барабар өсуін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердің объективті ресурстық экономикаларына тән бірқатар жүйелі әсерлердің бар болуына байланысты толық түрде іске асырылған жоқ:
ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикізат секторларына қайта бөлу әсерін жаңғыртуға ықпал ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгілерінің көрінуі;
бұл кезеңде нарықтық тетік экономиканың жекелеген секторларының «қызып кетуін» болдырмайтын белгі беруге мүмкіндігі болмады және мемлекетке экономиканың «дұрыс» құрылымын құруға көмектесе алмады;
әртараптандыру саясаты оны ілгерілету үшін қажетті шекті көлемнің болмауына кезікті.