• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (19.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Редакция 19.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Лицензиялау жүйесiн жетілдiру және лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
тақырыбы мен кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: 
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру және лицензиялау жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:"; 
2-тармақта: 
екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "білiктілiк" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын; 
бесiншi абзацта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар белгілi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрушілердiң монополиялық жағдайына жол бермей бәсекелестiктің дамуына ықпал етсiн, лицензиялар беру рәсiмдерiнiң ашықтығын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етсiн."; 
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 
реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында: 
төртiншi абзацта ", суық қаруды" деген сөздер алынып тасталсын; 
бесiншi абзац "уларды" деген сөздің алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тiзбе бойынша"; 
реттік нөмiрi 2-жолдың 2-бағанында "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Көлік және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 4-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, соның iшiнде: 
атом энергиясын пайдалану объектілерiн орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға енгiзу, пайдалану, қайта жаңарту, консервациялау және пайдаланудан шығару"; 
реттік нөмiрi 5-жолдың 3-бағанында: 
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"өнеркәсiптiк жарылу, өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, электр станцияларын, желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды (өзi жүретiн жүк көтергiш крандарды қоспағанда), сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандықтарды (жиынтық жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам), ыдыстар (өнеркәсiптiк тоңазытқыш қондырғыларының, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы ыдыстарды қоспағанда) және құбырларды пайдалану әрi мұнай мен газға бұрғылау жұмыстары"; 
реттік нөмiрi 6-жолдың 3-бағанында: 
үшiншi абзацтың мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын; 
жетiншi абзацта "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiруге қатысты Ақмола қаласының аумағындағы объектілердi қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын; 
реттік нөмiрi 10-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"азаматтық пен қызметтiк атыс қаруды және оның оқ-дәрілерiн, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзiн өзi қорғау құралдарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонатқа қою;"; 
реттік нөмiрi 11-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацында "Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа," және ", сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерi" деген сөздер алынып тасталсын; 
реттік нөмiрi 12-жол алынып тасталсын; 
реттік нөмiрi 14-жолдың 3-бағанында: 
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілердi дайындау;"; 
реттік нөмiрi 15-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"15. Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының 
Кедендiк бақылау агенттігi        кеден заңнамасына сәйкес                                           жекелеген кедендiк режимдер                                           шеңберiнде жүзеге                                           асырылатын қызмет, сондай- 
                                 ақ кедендiк қызмет                                           көрсету;"; 
реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Жалпы орта және кәсіптілiк орта (республикалық маңызы бар ұйымдар атқаратын жұмыстар, қызмет көрсетулер бөлiгiнде), кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсіптік, соның iшiнде мамандықтар бойынша білiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi"; 
реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 24-жолдың 3-бағанында "Шетелден жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ деген сөздер алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 25-жол алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi абзац алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң түрлерi; 
жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білiм; кәсiптiк бастауыш бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта білiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi (республикалық деңгейдегi ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қоспағанда); 
заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және сатуы; 
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызмет; 
облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткiзу; 
қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды (жиынтық жылу қуаты 100 Гкал/сағатқа дейін және оны қоса есептегенде) және құбырларды пайдалану; 
қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану (өнеркәсiптiк тоңазытқыш қондырғыларының, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы);"; 
реттік нөмiрi 30-жол алынып тасталсын; 
реттік нөмiрi 31-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi абзацта "ұйымының аудитiнен" деген сөздерден кейiн ", экологиялық аудиторлық қызметтен" деген сөздермен толықтырылсын; 
екiншi абзац алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы peттік нөмiрi 31-1-жолмен толықтырылсын: 
"31-1. Қазақстан Республикасы      Қазақстан Республикасының бүкіл 
Қаржы министрлiгiнiң        аумағына таралатын лотереялар 
Салық комитетi              (мемлекеттiктен (ұлттықтан)                                       басқа) ұйымдастыру және өткiзу; 
                            этил спиртi мен алкоголь өнiмiн                                      өндiру, этил спиртiн сақтау және                                      сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн                                      (сырадан басқа) сақтау, көтерме                                      және бөлшек саудада сату, этил                                      спиртi мен алкоголь өнімінiң                                      импорты; 
                            темекi өнiмдерiн өндiру;"; 
реттiк нөмiрi 32-жолдың 3-бағанында бiрiншi абзацта "күзет құралдарын, өрт дабылдарын және өртке қарсы автоматикаларды жобалау," деген сөздер "өрт дабылдары және өртке қарсы автоматика құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"көтергiш құрылыстарды (өзi жүретiн жүк көтергiш крандар) пайдалану;"; 
реттік нөмiрi 35-жолдың 3-бағанында: 
бiрiншi, екiншi, төртiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын; 
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жұмыс күшiн шығару"; 
реттік нөмiрi 36-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"білiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызмет көрсетулер жөнiндегi қызмет;";        реттiк нөмiрi 37-жолдың 3-бағанында ", әуе кемелерiне, жолаушыларға және әуежайлардағы жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет" деген сөздер алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi қызмет көрсетулер; 
әуежайлық қызмет, оның iшінде: 
азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, теңдеме жүктердi, жүктердi, почталарды өңдеу, оларды тексеру және бақылау; 
әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану; 
әуежайдың авиациялық қауiпсiздiгi қызметi, бақылау аймағында бақылау-өткiзу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қамтамасыз ету; 
азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуын жарық-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектілерiн энергиямен жабдықтау; 
азаматтық әуе кемелерiн, әуежай қызметтерiнiң объектiлерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау; 
азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа да тұтынушыларға арнайы автокөлiк құралдарын ұсыну; 
әуежайларда және азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипажды тамақпен қамтамасыз ету; 
жолаушыларға экипажға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажетті деректермен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;"; 
реттiк нөмiрi 38-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"38.  Қазақстан Республикасы           Денсаулық сақтау жүйесiндегi 
Iшкi iстер министрлiгiнiң        қызметтi қоспағанда, есiрткi 
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес    құралдарының, психотроптық         және есiрткi                     заттардың, прекурсорлардың         айналымын бақылау жөнiндегi      айналымына байланысты қызмет: 
комитетi                         дайындау, өндiру, қайта                                          өңдеу, тасымалдау, салып                                          жiберу, сатып алу, сақтау,                                          тарату, сату, пайдалану, жою; 
                                құрамында есiрткi құралдары                                          мен психотроптық заттар бар                                          өсiмдiктердi және шөптердi                                          өсiру, жинау, дайындау;"; 
реттiк нөмiрi 39-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестiгін куәландыру жөніндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң шынайылығын растау жөнiндегi қызмет; 
ақпарат қорғаудың техникалық құралдарын, ақпарат өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғaу жөніндегi қызметтің барлық түрi;"; 
реттiк нөмiрi 42-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі"; 
реттiк нөмiрi 43-жолда (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi): 
1-бағанда "43" деген сандар "44" деген сандармен ауыстырылсын; 
3-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"табиғи ресурстарды олар туралы заңнамаға сәйкес пайдалану; 
қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруды (тастауды) жүзеге асыру; 
қоршаған ортаға және халық денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн өндiрiс және тұтыну қалдықтарын көму әрi сақтау; 
экологиялық аудиторлық қызмет; 
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi"; 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 45 және 46-жолдармен толықтырылсын: 
"45. Қазақстан Республикасының        Теледидар және дыбыстық (радио 
Ақпарат министрлiгi              хабарларын тарату)                                         бағдарламаларды трансляциялау                                         жөнiндегі қызмет көрсетулер; 
46. Қазақстан Республикасы            Арнайы су пайдалану, соның 
Ауыл шаруашылығы                  iшiнде: ауыл шаруашылығы,       министрлiгiнiң                    өнеркәсiп, энергетика, балық 
Су ресурстары жөнiндегі комитетi  шаруашылығы және көлiк                                         мұқтаждықтары үшiн жерүсті су                                         объектілерiнен тәулiгiне елу                                         текше метрден астам көлемде су                                         алу және пайдалану; 
                               қайталама су пайдаланушыға                                         жерүсті су объектілерiнен су                                         алу және бepу;"; 
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: 
"I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде: 
15, 20, 21 және 22-тармақтар алынып тасталсын; 
19-тармақ "аппаратураларын" деген сөзден кейiн "және бақылау, аварияға қарсы қорғау мен дабыл беру жүйелерiн, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды" деген сөздермен толықтырылсын; 
25-тармақ "Уды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 28, 29, 30, 31, 32-тармақтармен толықтырылсын: 
"28. Темекi өнiмдерiн өндiру. 
29. Қайталана су пайдаланушыға жерүсті су объектілерiнен су алу және беру бөлiгiндегi арнайы су пайдалану. 
30. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлeу, өндiру, сату, экспонатқа қою. 
31. Азаматтық авиация саласында қауіпті жүктердi тасымалдау. 
32. Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру."; 
"ІІ. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде: 
7-тармақ "өнiмдерi құбырларын" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, ыдыстарды және құбырларды" деген сөздермен толықтырылсын; 
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"8. Әуеайлақ, әуежай және аэронавигация объектілерiн ұстау, жөндеу және пайдалану."; 
9, 11 және 14-тармақтар алынып тасталсын; 
10-тармақта "өндiру бойынша жұмыстар" деген сөздер "өндiру" деген сөзбен ауыстырылсын; 
21-тармақта "Уды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 23, 24, 25, 26-тармақтармен толықтырылсын: 
"23. Темекi өнiмдерiн өндiру. 
24. Арнайы су пайдалану, соның iшiнде: 
ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiк мұқтаждары үшiн жерүсті су объектілерiнен тәулiгiне елу текше метрден астам көлемде су алу және пайдалану; 
қайталама су пайдаланушыға жерүсті су объектілерiнен су алу және беру. 
25. Минералды шикiзатты қайта өңдеу. 
26. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, экспонатқа қою."; 
"ІІІ. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнің тiзiмi" деген бөлiмде: 
2-тармақта "тау-кен өндiрiстерiн," деген сөздерден кейiн "гидротехникалық құрылыстарды," деген сөздермен толықтырылсын; 
3-тармақта "дайындау" деген сөз "жобалау, дайындау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7-тармақта "Бағалы металдар мен бағалы тастарды, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын; 
8-тармақ алынып тасталсын; 
9-тармақ "Уды" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: 
"12. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, экспонатқа қою."; 
"IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiнiң тiзбесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: 
"6. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу."; 
2)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды
 2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.07.2007. № 610 қаулысымен (04.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Мемлекеттiк органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бұрын қабылданған кесiмдерін осы қаулымен енгiзілетiн өзгерiстерге сәйкес келтірудi көздейтiн нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі