1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 Қаулысы
Редакция 07.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2-7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-7-тармақтарының күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.09.1999. № 1363 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (Қорғанысминiнiң Қорғанысөнеркәсiпкомы) туралы ЕРЕЖЕ
1. Негiзгi ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) қорғаныстық және қос мақсаттағы өнiмдердi жасауға және өндiруге қатысушы ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымындағы мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Комитет өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шектерiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады.
3. Комитеттiң өзiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық органдарының, ұйымдарының лауазымды тұлғаларының және азаматтарының атқаруы үшiн мiндеттi.
4. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi мөрлерi, мөртаңбалары және бланктерi болады.
7. Комитеттiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындайды.
2. Комитеттiң мiндеттерi
8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
қорғаныстық және қос қолданудағы өнiмдердi жасау, өндiру және жою саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға байланысты қызметтi, сондай-ақ қорғаныс кәсiпорындарын дамыту мен конверсиялау бағдарламаларын, мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастық пен әскери мақсаттағы өнiмдердi экспорттық-импорттық беру бағдарламаларын салааралық үйлестiру, осы бағдарламаларды жүзеге асыру;
мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау, жұмылдыру қуаттары мен резервтерiн құру, қорғаныс кәсiпорнының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен экспорттық бақылау мен лицензиялауды жүзеге асыру болып табылады.
3. Комитеттiң функциялары
9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп ағымдағы және ұзақ мерзiмдiк қорғаныстық және қос мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндiру және жою бағдарламаларын жүзеге асыруды әзiрлеуге қатысады және оларды бақылайды;
мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындауды, қорғаныс өнеркәсiбiн дамытуды және конверсиялау бағдарламаларын жүзеге асыруды салааралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
Қорғаныс министрлiгiнiң әскер түрлерi, басқармалары, бөлiмдерi, қызметтерi және кәсiпорындары ұсыныстарының негiзiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады;
жұмылдыру қуаттары мен резервтерiн құру, жинақтау және сақтау жөнiндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыруға қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады;
мемлекеттiк қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады;
қару-жарақтардың, әскери техникалардың және қос мақсаттағы өнiмдердiң экспорттық-импорттық берiлуi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысады;
- өз құзыретiнiң шегiнде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, қару-жарақтар мен әскери техникаларды өндiрудi қысқарту, жою және кәдеге жарату жөнiндегi халықаралық шарттарды, келiсiмдердi және мiндеттемелердi жүзеге асыруды ұйымдастырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiндегi ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту бағдарламаларын әзiрлеудi ұйымдастырады, Комитетке ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жобаларына қорытынды бередi;
Комитеттiң қарауындағы қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң кәсiпорындарын реформалау, инвестициялау және олардың әлеуметтiк қызметi жөнiндегi шараларды жоспарлайды және оларды орындауды жүзеге асырады;
қорғаныстық тақырыптама бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргiзудi ұйымдастырады және оларды қос қолданудың мүмкiндiктерiн айқындайды;
өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетi мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзедi, қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнде ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуеттi тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
жаңа технологияларды жасау мен енгiзудi, қару-жарақтарды, әскери техникаларды және оқ-дәрiлердi өнеркәсiптiк кәдеге жарату мен жою жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешеннiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдарды жұмылдырушылық даярлау жөнiндегi шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешеннiң ұйымдарына шетелдiк әрiптестерiмен тiкелей өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуда жәрдем көрсетедi, олардың сыртқы экономикалық қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындайды;
әскери-техникалық ынтымақтастық саласында халықаралық келiсiмдердi дайындауға қатысады және олардың практикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған арнаулы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ құпия өнертабыстарды қорғауға байланысты жұмыстарды жүзеге асырады;
қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламаларын, сондай-ақ жұмылдырушылық даярлық жоспарлары мен қорғаныстық тақырып бойынша ҒЗТКЖ орындауға арналған бюджеттiк қаражатты жоспарлауға және оған бақылау жасауға қатысады;
Қазақстанның және басқа да мемлекеттердiң қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiн дамытудың тенденциялары мен серпiнiне талдау жасауды және шолулар дайындауды жүзеге асырады;
қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң қызметi мәселелерi бойынша заңдардың қолданылу тәжiрибесiн жинақтап қорытады, оларды Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуi үшiн ұсыныстар әзiрлейдi.
4. Комитеттiң құқықтары
10. Комитеттiң алдына қойылған мiндеттерi мен оған жүктелген функцияларына сәйкес:
белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының құзыретiне кiретiн, бiрақ қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерiн әзiрлеуге, қарауға және келiсуге қатысуға;
республиканың iшiнде де, халықаралық деңгейде де қорғаныс-өнеркәсiптiк кешенiнiң мәселелерi бойынша мүдделердi бiлдiруге;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне қорғаныс-өнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарының, оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың қатысуымен, қызметiне қатысты ұсыныстар дайындауға қатысуға;
қару-жарақтар мен әскери техникалардың, оқ-дәрiлер мен қос мақсаттағы өнiмдердiң жаңа үлгiлерiн, конверсиялар бағдарламаларын жасау және оларға сараптама жүргiзу жөнiнде осы мақсаттар үшiн сарапшыларды тартуға, шарттар жасасуға;
белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
қорғаныс мұқтаждары мен республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдардың басшыларын тыңдауға, өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi ұйымдастыру шараларын қабылдауға;
белгiленген құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмдердiң атқарылуына тексерулер жүргiзуге, осы мақсат үшiн келiсiм бойынша республиканың мемлекеттiк органдарының мамандары мен қызметкерлерiн тартуға;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелердi талқылауға;
орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi өзара iс-қимылын үйлестiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
11. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi тағайындайтын орынбасары болады.
12. Комитеттiң төрағасы:
Комитетке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады;
Комитеттiң жұмыс жоспарын бекiтедi;
Комитет бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
тиiстi министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаныс-өнеркәсiптiк кешен ұйымдарының басшыларын көтермелеу немесе тәртiптiк шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындаған штат санының шегiнде Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi;
өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық деңгейiн айқындайды;
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, оларға тәртiптiк шаралар қолданады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Комитеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI
"Машина жасау зауыты" АҚ, Алматы қаласы
"ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы
"С.М.Киров атындағы завод" АҚ, Петропавл қаласы
"Зенит" АҚ, Орал қаласы
"Металлист" АҚ, Орал қаласы
"Омега" АҚ, Орал қаласы
"Гидроприбор ҒЗИ" АҚ, Орал қаласы
"Шельф" АҚ, Атырау қаласы
"Тыныс" АҚ, Көкшетау қаласы
"Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы
"Семей машина жасау заводы" АҚ, Семей қаласы
"Органикалық емес өндiрiстер заводы" АҚ, Серебрянск қаласы
"N 405 авиациялық-техникалық орталық" АҚ, Алматы қаласы
"N 406 авиациялық-техникалық орталық" АҚ, Ақтөбе қаласы
"Ұлан" ӘК, Алматы қаласы
"Микрография" ҒЗИ, Орал қаласы
Арнаулы материалдар тану ҒЗИ, Шымкент қаласы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тiзбе өзгердi ҚРҮ-нiң 07.04.1998. № 294 қаулысымен Тiзбеден сөздер алынып тасталды ҚРҮ-нiң 31.03.1999 № 340 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 қаулысының 4 және 9-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2.
#$2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 24.09.1998. № 950 қаулысымен.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (08.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
4. "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 83-құжат):
3-тармақтағы "Экономика" деген сөзден кейiн "және сауда" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулыға 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603 қаулысына:
аталған қаулыға 2-қосымшадағы:
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнен Атырау қаласындағы "Шельф" акционерлiк қоғамы алынып тасталсын.
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 08.12.2010 № 1324 Қаулысымен. (10.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |