Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 14.12.1999 г.
Документ на казахском языке
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 қыркүйектегi N 950. Kүшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.12.14. N 1917 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделерiн қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi отырысының 1998 жылғы 19 мамырдағы N 2 Хаттамасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 118-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 2-8-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын;
2) аталған қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 36-тармағының;
2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс
өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997
қаулысымен
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 28, 249-құжат)
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағының күшi жойылған
деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 24 қыркүйектегi
N 950 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының құрамы
Жандосов Ораз - Қазақстан Республикасы
Әлиұлы Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары, комиссияның төрағасы
Әбiтаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Әбiтайұлы Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссияның мүшелерi:
Әмiрин Ғұсман - Қазақстан Республикасының
Кәрiмұлы Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
директоры (келiсiм бойынша)
Байғарин Бекболат - Қазақстан Республикасының
Әбдiғаниұлы Қорғаныс министрлiгi Қорғаныс
өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы
Баядiлов Ерғали - Қазақстан Республикасының
Мүхамеджанұлы Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының
сектор меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ысқақұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Ертiлесова Жаннат - Қазақстан Республикасының Қаржы
Жұрғалиқызы бiрiншi вице-министрi
Жантикин Тимур - Қазақстан Республикасының Ғылым
Мүфтахұлы министрлiгi - Ғылым академиясы
Атом энергия жөнiндегi агенттiгiнiң
бас директоры
Ыдырысов Ерлан - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Әбiлфайызұлы iстер вице-министрi
Қажыбаев Амангельдi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрiнiң экономика және қаржы
жөнiндегi орынбасары
Қамбақов Тiлеубек - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Уабұлы индустрия және сауда министрлiгiнiң
Экспорттық бақылау және лицензиялау
департаментi директорының
орынбасары, Комиссияның хатшысы
Қасымов Ғани - Қазақстан Республикасының Қаржы
Есенгелдiұлы министрлiгi Кеден комитетiнiң
төрағасы
Кораблев Валерий - Қазақстан Республикасының
Анатольевич Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы
экономикалық байланыстар және
хаттама бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары - сыртқы экономикалық
байланыстар секторының меңгерушiсi
Смағұлов Нұрлан - Қазақстан Республикасы
Рахманбергенұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
қорғаныс және құқық тәртiбi
секторының меңгерушiсi
Төлебаев Алмас - Қазақстан Республикасының Ғылым
Қажкенұлы министрлiгi - Ғылым академиясы
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық
бағдарламалар және оларды
ресурстық қамтамасыз ету
департаментiнiң директоры
Комментарий успешно добавлен