• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2007 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1224 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 Қаулысымен.
   1. "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесінде: 
15-тармақтың 5) тармақшасының екiнші абзацындағы "3" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; 
көрсетiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiне 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінiң
 2004 жылғы 23 қарашадағы
 N 1224 қаулысына
 қосымша
Медициналық және дәрiгерлiк
 қызметтi лицензиялау ережесiне
 1-қосымша
Лицензияланатын медициналық қызметтiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
1. Бастапқы (дәрiгерге дейiнгi) медициналық-санитарлық көмек 
4) адамның иммунитет тапшылығының вирусын (АҚТҚ-диагностика) зертханалық диагностикалау; 
Ересектерге және/немесе балаларға мынадай мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық және/немесе тұрақты медициналық көмек: 
10. Акушерлiк және гинекология (қосалқы ұрпақты болу технологиясын қоса алғанда) 
46. Еңбек қабiлетiн және кәсiби жарамдылығын сараптау (алдын алу және кезеңдiк медициналық тексеру) 
47. Психиатриялық, оның iшiнде сот-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық сараптама 
Санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы медициналық қызмет: 
3) шуды, дiрілдi, электромагниттiк өрiстердi және басқа да физикалық факторларды өлшеу;