• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қаңтар N 97

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн 
өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) 
сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) 
бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде:
     34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
     "6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен 
белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
     7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;"
     35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен   
толықтырылсын:
     "9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының 
кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
     10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан 
басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі 
немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске 
енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.