• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2007 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302 қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ  алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде: 
"17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады."; 
35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.