1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 657 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (19.09.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат):
кіріспеде:
"экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және импорт алмастырушы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтың төртінші абзацында "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев