Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Осы редакция 15.09.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 250 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 250 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
мына:
"Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға
Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Шағын бизнесті қолдау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға
Дәрiбаев Mұpaт Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлiктi дамыту департаментiнiң директоры".
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат):
1-тармақта "министрлiктер" деген сөз "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ашық" деген сөз алынып тасталсын;
1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада, мәтiнiнде:
"ЖАҚ", "ААҚ" деген аббревиатуралар "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға";
"Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi;" деген жол алынып тасталсын;
"агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушы" деген сөздер "агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |