• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 23.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 250 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 19 наурыздағы
 N 250 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2006. № 873 қаулысымен. (19.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат): 
1-тармақта "министрлiктер" деген сөз "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақта: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"ашық" деген сөз алынып тасталсын; 
1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада, мәтiнiнде: 
"ЖАҚ", "ААҚ" деген аббревиатуралар "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
2-тармақта: 
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға"; 
"Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi;" деген жол алынып тасталсын; 
"агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушы" деген сөздер "агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;