• Мое избранное

Отправить по почте

2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 15.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2013 жылғы № 685 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистің техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офисті ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысымен
бекітілген
2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы
Карта өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1206 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Карта өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2013 жылғы № 295 Қаулысымен (14.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Карта өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2013 жылғы № 685 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Карта өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 126 Қаулысымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган және ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/жобаның мәртебесі

2014 жылға инвестицияларды игеру жоспары, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайта отырып, «Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Темiртау» АҚ

2010 – 2018 ж.ж.

7 531

2.

Ақтөбе қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 4 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2009 – 2013 ж.ж.

8300,46

3.

Қуаты жылына 75 мың тонна Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының 1-кезегін салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС

2012 – 2015 ж.ж.

1 500

4.

Металданған өнiм өндiру зауытын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi» АҚ

2011 – 2015 ж.ж.

38 750

5.

Бозшакөл КБК салу

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС

2010 – 2014 ж.ж.

36 252

6.

Ақтоғай КБК салу

ИЖТМ

ШҚО

«Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» ЖШС

2011 – 2016 ж.ж.

103 069

7.

Қуатын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға дейін жеткiзе отырып, ферроқорытпа өндiрiсiн және оның шикiзат базасын әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2011 – 2016 ж.ж.

198,115

8.

Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илек орнағын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

2010 – 2013 ж.ж.

-

9.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИЖТМ

ШҚО

«Азия Авто» АҚ

2010 – 2015 ж.ж.

15 300

10.

Қазақстан Республикасында жүк вагондарын шығаратын қуаттар құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС

2009 – 2011 ж.ж.

-

11.

Электровоздар жасауды ұйымдастыру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Астана қаласы

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2010 – 2012 ж.ж.

-

12.

КАZ РV қазақстандық кремнийі негiзiнде фотоэлектрлiк модульдер өндiрiсiн құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы, ШҚО және Астана қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

2011 – 2012 ж.ж.

13 747

13.

Минералдық тынайтқыштар шығаратын зауыт салу

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС

2011 – 2018 ж.ж.

-

14.

Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін жаңғырту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«ҚазАзот» ЖШС

2011 – 2012 ж.ж.

-

15.

Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақмола облысы

«Қазатомөнөркәсiп-КҚЗ» БК» ЖШС

2010 – 2014 ж.ж.

779,822 
(акт бойынша ҚҚС-сыз)

16.

№ 3 станциясының энергия блогын орнатып, Екiбастұз 
МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2015 ж.ж.

62 598 (акт бойынша ҚҚС-сыз)

17.

Екiбастұз МАЭС-1 кеңейту және реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Екiбастұз МАЭС-1» ЖШС

2010 – 2016 ж.ж.

50 433 
(акт бойынша ҚҚС-сыз)

18.

Балқаш ЖЭС-iн салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2018 ж.ж.

96 430 
(акт бойынша ҚҚС-сыз)

19.

Шардара ГЭС-iн жаңғырту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

ОҚО

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2016 ж.ж.

569
(акт бойынша ҚҚС-сыз)

20.

Қазақстанның ұлттық электр желiсiн жаңғырту,
II кезең

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2010 – 2016 ж.ж.

7 733,922

21.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ

2005 – 2018 ж.ж.

4 095

22.

Қарағанды облысындағы Индустриялық парктiң инфрақұрылымын салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» ӘКК

2007 – 2014 ж.ж.

921

23.

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенiн салу

ИЖТМ

Астана қаласы

«Aldar Properties PJSC» ЖШС

2010 – 2016 ж.ж.

-

24.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристiк ойын-сауық кешенiн салу

ИЖТМ

Ақмола облысы

«Tourism Borovoe City» ЖШС

2009 – 2021 ж.ж.

-

25.

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның өндiрiстік қуатын кеңейту

ИЖТМ

ОҚО

«Химфарм» АҚ

2009 – 2013 ж.ж.

2 238

26.

Аффинаж зауытын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Астана қаласы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

2012 – 2013 ж.ж.

-

27.

Каустикалық сода, үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

2013 – 2015 ж.ж.

31 096

28.

Көмір химиясы өнімдерін өндіретін зауыт пен көмір шығаратын разрез салу

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімі

Қарағанды облысы

«АРБАТ» БК» ЖШС

2013 – 2019 ж.ж.

69 116

29.

Nomad моделіндегі Ssang Yong маркалы автомобильдерін CKD әдісімен (ұсақ тораптық) жинақтау өндірісін құру

ИЖТМ, Қостанай облысының әкімі

Қостанай облысы

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС

2012 – 2014 ж.ж.

2 324

30.

Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Қызылорда облысы

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС

2013 – 2015 ж.ж.

18 864

31.

Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісін салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2011 – 2017 ж.ж.

8 053

32.

Рельсті арқалық зауыты

ИЖТМ, Ақтөбе облысының әкімі

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» ЖШС

2012 – 2014 ж.ж.

26 445,8

33.

Калий сульфаты өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

2014 – 2018 ж.ж.

37,44
(акт бойынша ҚҚС-сыз)

34.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010 – 2016 ж.ж.

12 051 (акт бойынша ҚҚС-сыз)

35.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2011 – 2015 ж.ж.

84 153

36.

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Маңғыстау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2013 ж.ж.

-

37.

Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2016 ж.ж.

144 905,521

38.

Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

ОҚО

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2016 ж.ж.

33 663,049

39.

Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2016 ж.ж.

5 635

40.

К5 экологиялық класындағы мотор отынының өндірісі

МГМ

БҚО

«Конденсат» АҚ

2012 – 2015 ж.ж.

10 045,5

41.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн реконструкциялау

ККМ

Өңiраралық жоба

ККМ

2007 – 2015 ж.ж.

120 385

42.

FTTH (Fiber to the Home) желiлерiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақтелеком» АҚ

2010 – 2014 ж.ж.

19 528

43.

«Жезқазған – Бейнеу» жаңа темiржол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2012 – 2016 ж.ж.

25 632

44.

«Арқалық – Шұбаркөл» жаңа темiржол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2012 – 2015 ж.ж.

29 096

45.

Алматы облысында Алматы қаласының 4 серіктес қаласын салу (1-кезең)

ӨДМ

Алматы облысы

«G4 Сitу» ЖШС

2008 – 2031 ж.ж.

8 047,7

46.

«KazSat» жерсеріктік байланыс және хабар тарату жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 ж.ж.

-

47.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2008 – 2015 ж.ж.

8 300

48.

Қазақстан Республикасының Жердi қашықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 ж.ж.

5 433

49.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ҰҒА

Қызылорда облысы

ҰҒА

Перспективалық

-

50.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

51.

Маңғыстау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Маңғыстау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

52.

Атырау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

53.

«Кендiрлi» курорттық демалыс аймағын дамыту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

Перспективалық

-

54.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы/БҚО

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

55.

Кальцийленген сода өндірісі

ИЖТМ, Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

«Енким» компаниясы

Перспективалық

-

56.

Алматы қаласындағы әлемдік деңгейдегі тау-шаңғы курорты

ИЖТМ, Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

 

Перспективалық

-

57.

Торғай ЖЭС-ін салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

 

Перспективалық

-

58.

Ерейментау қаласы ауданында перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, қуаты 50 МВт ЖелЭС-ін салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақмола облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

Перспективалық

-

59.

Перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт ЖелЭС-ін салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

Перспективалық

-

60.

Ақтау қаласында бу-газ құрылғысын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақтау қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

Перспективалық

-

61.

Қарағанды ЖЭО-4

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

 

Перспективалық

-

62.

Хромтау қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 5 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

Перспективалық

-

 

* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне орай нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                    технологиялар министрлiгi
ККМ               - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                    коммуникация министрлiгi
МГМ               - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                    министрлiгi
ӨДМ               - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
                    министрлігі
ҰҒА               - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                    агенттiгi
«ҚазМұнайГаз»     - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
ҰК» АҚ              акционерлiк қоғамы
«Самұрық-Қазына»  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
ҰӘҚ» АҚ             акционерлiк қоғамы
ШҚО               - Шығыс Қазақстан облысы
ОҚО               - Оңтүстiк Қазақстан облысы
ӘКК               - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
МӨЗ               - мұнай өңдеу зауыты
КҚЗ               - күкiрт қышқылы зауыты
ЖЭС               - жылу электр станциясы
КБК               - кен байыту комбинаты
ҒЗК               - ғарыш зымыран кешенi
ГЭС               - гидроэлектр станциясы
МАЭС              - мемлекеттiк аудандық электр станциясы
ЖЭО               - жылу электр орталығы
ҰЭЖ               - ұлттық электр жүйесi
АҚ                - акционерлiк қоғам
БК                - бiрлескен кәсiпорын
ЖШС               - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
«Қазақстан темiр  - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
жолы» ҰК» АҚ        компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Қазатомөнеркәсiп»- «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
ҰАК» АҚ             компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Тау-Кен Самұрық» - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
ҰТК» АҚ             компаниясы» акционерлiк қоғамы
БҚО               - Батыс Қазақстан облысы
ЖелЭС             - жел электр станциясы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
1-бөлімнің 3-кіші бөлімінің алтыншы абзацындағы екінші сөйлемі алып тасталсын;
«Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілерінде»:
«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші және отыз екінші абзацтары алып тасталсын;
«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің сегізінші абзацы алып тасталсын;
«Бесінші басымдық. Тиімді бизнесте»:
«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімнің бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Кіріспе» деген бөлімнің екінші абзацындағы «, «Қазакстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.2012 жылғы № 1599 Қаулысымен (17.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімнің оныншы абзацындағы «, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын.
7. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарында (Жол картасы):
«Агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.
8. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;
«Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы.
2. «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 88-ө өкімі.
3. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 121-ө өкімі.
4. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 224-ө өкімі.
5. «Шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 244-ө өкімі.