Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 1026 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі";
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
Toggle Dropdown
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі";
Toggle Dropdown
бүкіл мәтіндегі "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға" деген сөздерден кейін ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
кіріспеде:
Toggle Dropdown
"арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың" деген сөздер "арттыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"айналысатын адамдарды" деген сөздерден кейін ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді," деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер), сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.";
Toggle Dropdown
2-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақшадағы "(бастапқы кәсіби білім беру)" деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) тармақшадағы "(қайта оқыту)" деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
3) тармақшадағы "(қосымша білім беру)" деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2. Кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу";
Toggle Dropdown
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"3. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қаржыландыру";
Toggle Dropdown
16-тармақтың екінші абзацындағы "бастапқы кәсіптік" деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
Toggle Dropdown
15-тармақтан басқа, бүкіл мәтіндегі "жұмыссыздар", "жұмыссыздарға", "жұмыссыздарды", "жұмыссыздардың", "жұмыссыз" деген сөздерден кейін ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің", ", толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкер" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
2-тармақта "жұмыссыздарға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
14-тармақ "(өтініш берген)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
16-тармақта "жұмыссыз" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жұмыс уақытының толық емес режимімен жұмыс істейтін қызметкер" деген сөздермен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Осы қаулының 1-тармағының алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов