Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 322 қаулысы
Toggle Dropdown
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
Toggle Dropdown
1) 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "квотаны белгiлеудiң және жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң ережесi" деген сөздер "квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсаттар беру шарттары мен тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттары мен тәртiбi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 322 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеудiң және бөлудiң тәртiбiн, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiн белгілейдi.
Toggle Dropdown
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) шетелдiк жұмыс күшi - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
Toggle Dropdown
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейтiн, республиканың экономикалық белсендi халқының санына пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінiң үлесi;
Toggle Dropdown
3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
Toggle Dropdown
4) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - уәкілеттi орган жұмыс берушiге беретiн, орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына тарту үшін шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат;
Toggle Dropdown
5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестірушi мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
6) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары.
Toggle Dropdown
3. Осы Ереженiң күшi:
Toggle Dropdown
1) шетелдiк заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының немесе өкілдiктерiнiң бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
Toggle Dropdown
2) мерзiмi бір күнтiзбелiк жыл iшiнде жиынтығы 45 күнтiзбелiк күннен аспайтын iссапарда жүрген;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Үкiметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келiсiм-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiнші басшылары және Қазақстан Республикасының қызметтің басым түрлерiнде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрi инвестициялар жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтін;
Toggle Dropdown
4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
Toggle Dropdown
5) акцияларының кемiнде 50% мемлекетке тиесілi Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдары атқарушы органдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтiн;
Toggle Dropdown
6) дипломатиялық өкiлдiктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консульдық мекемелердiң қызметкерлерi болып табылатын;
Toggle Dropdown
7) қайырымдылық және iзгілiк көмек көрсету мақсатымен келетiн;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi болып табылатын;
Toggle Dropdown
9) шетелдiк ұйымдарға тиесілi теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiгi экипаждарының мүшелері болып табылатын;
Toggle Dropdown
10) әртiстер мен спортшылар болып жұмыс iстейтiн;
Toggle Dropdown
11) жеке кәсіпкерлер болып табылатын;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Toggle Dropdown
13) босқын мәртебесiн немесе Қазақстан Республикасының аумағында саяси баспана алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Квота белгiлеу тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Уәкілетті органдар жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгі мерзiмде жұмыс берушілер өтiнiмдерiнiң негiзінде орталық атқарушы органға жұмыс берушiнiң алдағы жылға арналған шетелдiк жұмыс күшiн тарту негiздемесiн орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Toggle Dropdown
5. Мүдделi орталық атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгілеу жөнiндегi ұсыныстарын орталық атқарушы органға енгiзе aлады.
Toggle Dropdown
6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделi орталық атқарушы органдар ұсыныстарының негiзiнде жыл сайын бiрiншi желтоқсанға дейiн алдағы жылға арналған квота белгiлеу туралы нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
Toggle Dropdown
3-тарау. Квота бөлу
Toggle Dropdown
7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкiметi квота белгілеу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн он бес күн iшiнде оны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында еңбек рыногындағы ахуалды және өндiрiстi дамыту және инвестициялық жобаларды, оның iшiнде шетелдiк капиталды қатыстыра отырып iске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдiк технологияларды енгізу үшiн тиiстi облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшiне қажеттілiгiн ескере отырып, республиканың экономикалық белсендi халқына пайыздық қатынаста бөледi.
Toggle Dropdown
8. Орталық атқарушы орган бекiтілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шегінде қайта бөлудi жүзеге асыра алады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Рұқсат беру шарттары
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті орган рұқсатты бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшiне сұранысты iшкi еңбек рыногы есебiнен қанағаттандыруға мүмкiндiк болмаған кезде орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде бередi.
Toggle Dropdown
10. Уәкілетті орган рұқсат беру кезiнде iшкi еңбек рыногында тиiсті ұсыныстар болған кезде тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын шектей aлады.
Toggle Dropdown
11. Iшкi еңбек рыногындағы iздестіру:
Toggle Dropdown
1) шетелдiк банк, сақтандыру ұйымдары құрылымдық бөлiмшелерінiң басшылары;
Toggle Dropdown
2) еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатындар қатарынан шетелдiк жұмыс күшін тарту кезiнде жүзеге асырылмайды.
Toggle Dropdown
12. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат қызметкерлердiң мынадай санаттарына:
Toggle Dropdown
1) бiрiншi санат - ұйымның басшы құрамын тартуға;
Toggle Dropdown
2) екiншi санат - құжаттары белгіленген тәртiппен расталған жоғары және кәсiптік орта білiмi бар мамандарды тартуға;
Toggle Dropdown
3) үшiншi санат - білiктi жұмысшыларды тартуға;
Toggle Dropdown
4) төртiншi санат - еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледi.
Toggle Dropdown
13. Уәкілетті орган рұқсат беру кезiнде жұмыс берушiмен келiсiм бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенiнiң орындалуын жүктейдi:
Toggle Dropdown
1) қазақстандық қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және олардың білiктілiгін арттыру;
Toggle Dropdown
2) бұдан әрi шетелдiк жұмыс күшін алмастыру үшiн қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың білiктiлiгiн арттыру;
Toggle Dropdown
3) қолда бар жұмыс орындарын сақтау;
Toggle Dropdown
4) қазақстандық азаматтар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру.
Toggle Dropdown
5-тарау. Рұқсат берудiң тәртiбi
Toggle Dropdown
14. Жұмыс берушi рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) жекелеген кәсiптер мен біліктілiктер бойынша тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын, санатын көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тiлiнде рұқсат беруге өтiнiштi;
Toggle Dropdown
2) орталық атқарушы орган бекiтетiн Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының білiктiлiк анықтамалығына (БА), Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына (БТБА) сәйкес әр лауазым үшiн белгіленген бiлiктiлiк талаптарын;
Toggle Dropdown
3) шетел тiлiн және халықаралық стандарттарды бiлу, шетелдегi жұмыс тәжiрибесi қажеттілiгiнiң негіздемесiн;
Toggle Dropdown
4) өтiнiш берген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде уәкілетті органның өңiрлiк дерекқорынан бос лауазымдар жөнiнде ұсыныстардың болуы туралы анықтаманы;
Toggle Dropdown
5) лауазымға қойылатын бiлiктілiк талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтінiш бергенге дейiн кемінде бiр ай бұрын және үш айдан аспай жарияланған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілiктi мерзiмдi басылымдардың түпнұсқаларын;
Toggle Dropdown
6) орталық атқарушы органның wеb-сайты арқылы еңбек рыногының республикалық дерекқоры бойынша iздестірудiң нәтижелерiн;
Toggle Dropdown
7) бұрын берілген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты (олар бар болса);
Toggle Dropdown
8) жұмыс берушiнiң бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген бас тартуын;
Toggle Dropdown
9) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi санының негiздемесiн ұсынады.
Toggle Dropdown
15. Уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
1) жұмыс берушi ұсынған құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарап, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешiм қабылдайды.
Toggle Dropdown
Комиссия туралы ереженi уәкілеттi орган орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi. Комиссияның құрамына орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігi аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзіледi;
Toggle Dropdown
2) жұмыс берушi мен орталық атқарушы органды шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
Toggle Dropdown
16. Рұқсаттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi.
Toggle Dropdown
Жұмыс берушi уәкілетті органда рұқсат беру туралы жазбаша хабарландырылған күннен бастап бiр ай iшiнде рұқсат алуы керек.
Toggle Dropdown
Рұқсат уәкілеттi орган әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тізiмдерiн растаған сәттен бастап қолданылады.
Toggle Dropdown
17. Уәкілетті орган берген рұқсат тиiстi облыстың, Астана және Алматы қаласының аумағында ғана қолданылады және оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды.
Toggle Dropdown
18. Жұмыс берушілердiң шетелдiк жұмыс күшін бiрнеше облыстарда және (немесе) Астана және (немесе) Алматы қалаларында пайдалануы қажет болған жағдайда, жұмыс берушiнiң тұрғылықты жерiндегi уәкілетті орган орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша екi және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана және (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бере алады.
Toggle Dropdown
19. Рұқсат мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесілi ресiмделмесе;
Toggle Dropdown
2) бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттары орындалмаса;
Toggle Dropdown
3) бөлiнген квотадан асып кетсе берілмейдi.
Toggle Dropdown
20. Жұмыс берушi уәкілеттi органның шешiмiмен келiспеген кезде қабылданған шешiмнiң негізділiгi мәнiне орталық атқарушы органға өтiнiшпен бара алады.
Toggle Dropdown
Орталық атқарушы орган жұмыс берушінiң өтiнiшiн қарайды, уәкілетті органнан сұратып алған қажетті материалдарды зерделейдi және нәтижелерi бойынша қорытындыны тиiстi уәкілеттi органға қарауға жiбередi, бұл туралы жұмыс берушiге хабардар етедi.
Toggle Dropdown
6-тарау. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн растаудың тәртiбi
Toggle Dropdown
21. Жұмыс бepуші рұқсаты болған кезде шетелдiк қызметкерлермен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасады.
Toggle Dropdown
22. Жұмыс берушi рұқсат алған күннен бастап үш айдан кешiктірмей тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн қалыптастырады және оларды уәкілетті органға ұсынады.
Toggle Dropdown
23. Жұмыс берушi тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн: тегін, атын, әкесінiң атын, туған күнi мен жылын, азаматтығын, тұрақты тұратын елiн, баратын елiн, мамандығы мен білiмiн Қазақстан Республикасында қолданылатын, орталық атқарушы орган бекiтетiн Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес кәсiптер мен лауазымдарының атауларын көрсете отырып, бес данада жасайды.
Toggle Dropdown
24. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмiне:
Toggle Dropdown
1) бiлiмi туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары;
Toggle Dropdown
2) АҚТҚ-ға тексерiлген медициналық анықтамалар;
Toggle Dropdown
3) қызметкердің еңбек қызметiн растайтын, жұмыс берушi растаған құжаттар;
Toggle Dropdown
4) жасалған еңбек шартының көшiрмесi;
Toggle Dropdown
5) рұқсаттың мерзiмi аяқталғанда шетелдік жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары шығуына кепілдiк беретiн құжаттар қоса беріледi.
Toggle Dropdown
25. Уәкілетті орган құжаттардың осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарағаннан кейiн, олар берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушi берген тiзiмдердi растайды.
Toggle Dropdown
26. Шетелдiк қызметкермен еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылған жағдайда жұмыс бepуші шетелдiк жұмыс күшін тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң өзгертілген, уәкілетті орган растаған тiзiмi негiзiнде сол санат пен бiлiктiлiк бойынша тарта алады.
Toggle Dropdown
27. Уәкілеттi орган тiзiмдер расталған күннен бастап оларды бес жұмыс күнi iшiнде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады.
Toggle Dropdown
28. Тiзiмдердi растау мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
Toggle Dropdown
1) құжаттарды осы Ереженiң 22-24-тармақтарына сәйкес толық және тиесілi ұсынбағанда;
Toggle Dropdown
2) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi талап етілетiн санат пен бiлiктiлiкке сәйкес болмағанда;
Toggle Dropdown
3) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабында көзделген негіздер бойынша.
Toggle Dropdown
29. Тартылатын шетелдiк жұмыс күші үшiн визалық қолдау жұмыс берушіде уәкілеттi орган растаған тiзiмдер қоса берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
30. Жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары шығуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
7-тарау. Рұқсаттың мерзiмін ұзарту
Toggle Dropdown
31. Рұқсаттың мерзiмiн ұзартуды уәкілеттi орган жұмыс берушiнiң өтінішi бойынша тиiсті облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн бөлiнген квота шегінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту бiрiншi санат үшiн екi рет, екiншi санат үшiн бiр рет жүзеге асырылады. Yшiншi және төртiншi санаттар үшiн рұқсаттың мерзiмiн ұзарту жүзеге асырылмайды.
Toggle Dropdown
32. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс берушi рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) өтiнiштi;
Toggle Dropdown
2) рұқсаттың түпнұсқасын;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган растаған шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн;
Toggle Dropdown
4) рұқсат мерзiмдерiн ұзарту үшiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн;
Toggle Dropdown
5) бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты;
Toggle Dropdown
6) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесiн жiбередi.
Toggle Dropdown
33. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негiзiнде құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды және жұмыс берушi мен орталық атқарушы органды қабылданған шешiм туралы бес жұмыс күнi iшiнде бас тартқан жағдайда себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етедi.
Toggle Dropdown
34. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
Toggle Dropdown
1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесiлi ресiмделмесе;
Toggle Dropdown
2) бұрын берiлген рұқсаттардың ерекше шарттары орындалмаса;
Toggle Dropdown
3) бөлiнген квотадан асып кетсе.
Toggle Dropdown
8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу
Toggle Dropdown
35. Уәкілетті орган мiндетті түрде себебiн көрсете отырып, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.
Toggle Dropdown
36. Рұқсатты тоқтата тұру:
Toggle Dropdown
1) жұмыс берушi осы Ережеде көзделген рұқсат берудiң ерекше шарттарын орындамаған;
Toggle Dropdown
2) шетелдiк жұмыс күшін рұқсатта көзделген саннан артық тартылған;
Toggle Dropdown
3) тартылатын жұмыс күші тiзімдерiнде көрсетілмеген шетелдiк жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргiзіледi.
Toggle Dropdown
37. Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы уәкілеттi органның шешiмi бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн қалпына келтiріледi, бұл туралы жұмыс берушiге қалпына келтiру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарланады.
Toggle Dropdown
38. Уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуды уәкілеттi орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған, сондай-ақ үш ай iшiнде тартылатын шетелдiк жұмыс күшінiң тiзiмдерi немесе белгіленген есеп беру ұсынылмаған жағдайда жүргiзіледi.
Toggle Dropdown
9-тарау. Есеп беру
Toggle Dropdown
39. Жұмыс беруші рұқсатты алғаннан кейiн уәкілеттi органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы және осы Ереженiң 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады.
Toggle Dropdown
40. Уәкілетті орган орталық атқарушы органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту, жұмыс берушінің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнiнде орталық атқарушы орган белгiлейтiн нысан бойынша есеп ұсынады.
Toggle Dropdown
10-тарау. Осы Ереженiң және рұқсат шарттарының орындалуын бақылау
Toggle Dropdown
41. Осы Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық органдары, уәкiлетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
42. Орталық атқарушы орган бөлiнген квотаның өңiрлер бойынша сақталуын бақылайды.
Toggle Dropdown
43. Уәкілетті орган мен орталық атқарушы органның аумақтық органы жұмыс берушінің рұқсат бepудің ерекше шарттарын орындауын және жұмыспен қамту туралы заңнаманың орындалуын бақылайды.
Toggle Dropdown
11-тарау. Жауапкершілiк
Toggle Dropdown
44. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейдi.