"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1242 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1242 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;
5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);
6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган;
7) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган;
8) маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылық жұмыстары.
3. Осы Ереженің күші азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге:
1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін;
2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен асатын мерзімге іссапарға келген.
Уәкілетті орган растаған 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша шетелдіктерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне 60 күнтізбелік күннен асатын мерзімге іссапарға жіберуге осындай санда қазақстандық персоналды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру немесе осындай санда қазақстандық азаматтарды шетелдік заңды тұлға орналасқан мемлекеттің оқу орындарына оқытуға жіберу мақсатында жіберілуге жол беріледі.
Іссапардың мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
5) дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын;
6) қайырымдылық, ізгілік көмек көрсету және грант ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде келген;
7) Қазақстан Республикасында акредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;
8) шетелдік ұйымдарға тиесілі өзен кемелері, әуе, темір жол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;
9) әртіс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретші, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс істейтін;
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
11) Қазақстан Республикасының аумағында босқын мәртебесін немесе саяси баспана алған;
12) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс істейтін;
13) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында, педагогикалық қызметті жүзеге асырып жүрген бірақ ұйым штатының 25 пайызынан асырмай;
14) оралмандарға;
15) аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін жасау және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын;
16) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 4), 8), 9), 12), 13) және 15) тармақшаларына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тарту кезінде жұмыс беруші уәкілетті органға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы ақпаратты ұсынады.
Шетелдіктерді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары ретінде жұмысқа тарту кезінде көрсетілген ақпаратқа филиалды, өкілдікті басқаруға шетелдік заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
2. Квота белгілеудің және бөлудің тәртібі
4. Уәкілетті орган ішкі еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілердің бірінші қыркүйекке дейін жолданатын өтінімдері негізінде жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін 4-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.
5. Мүдделі мемлекеттік органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.
6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.
7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны он бес күнтізбелік күн ішінде еңбек рыногындағы ахуалды, өндірісті дамыту және инвестициялық жобаларды, оның ішінде шетелдік капиталды қатыстыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне деген қажеттілігін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында таратып бөледі.
8. Уәкілетті органдар жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуды қажет ететін жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда орталық атқарушы органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсынысты енгізе алады.
9. Орталық атқарушы орган мүдделі мемлекеттік немесе уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.
3. Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту
10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қызметкерлердің мынадай санаттарына:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |