• Мое избранное
Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесiн және оның мөлшерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 316 Қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 жылғы № 978 Қаулысымен
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2015 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес 
«Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.03.2015 жылғы № 167 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiліп отырған Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепілдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 978 Қаулысымен.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 124 Қаулысымен (30.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 24 сәуiрдегi
 N 316 қаулысымен
 бекiтiлген
Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi
Тақырыбы мен мәтінге өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 978 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  10-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
1) кепiлдiк берiлген жарна (бұдан әрi - жарна) - еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ақшалай жарна; 
2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi; 
3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы беретiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына тарту үшiн орталық атқарушы орган бөлген  квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат.
2. Кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу тәртiбi және оның мөлшерi
3. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшін жұмыс берушiлер әрбiр шетелдiк қызметкер үшiн Қазақстан Республикасының банктерiне жарна енгiзуге мiндеттi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2009 № 1486 Қаулысымен (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4. Жарналар жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі банктік шотына енгізіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.09.2009 № 1486 (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5. Банк пен жұмыс берушi арасындағы шартта мыналар көрсетiледi: 
1) шетелдiк қызметкердiң өзi аумағында тұрақты тұратын мемлекеттi көрсете отырып, тегi, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi;
2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы;
3) банктiң жұмыс берушiге жарналарды қайтару тәртiбi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2009 № 1486 Қаулысымен (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
6. Бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы әуежайына дейiнгi авиабилеттiң "Экономикалық" сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
7. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен келген бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы станциясына дейiнгi темiр жол (купелi вагон) немесе автомобиль көлiгi билетiнiң құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
8. Банктер жарнаны жұмыс берушiге уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнiң негiзiнде қайтарады.
9. Уәкiлеттi орган жұмыс берушi өтiнiш жасаған күнi ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететiн қызметкердiң (қызметкерлердiң) атына көлiк құралына алынған билеттiң көшiрмесi не электронды авиабилетке ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi болған кезде жазбаша келiсiм бередi.
10. Жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезiнде шетелдiк жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу тәртiбi мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдiң заңнамасында реттеледi.