Toggle Dropdown
Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4580 болып енгізілді.
Редакция 31.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2103 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2103 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2525 тіркелген).
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
5. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
6. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1-наурызға дейінгі мерзімде "Статистика" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені Ережеге сәйкес жетілдіруін қамтамасыз етсін.
7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр
2007 жылғы 11 наурызда
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 296 қаулысымен бекітілді
Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесі
Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) міндетті сақтауына қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін және шарттарын белгілейді.
1. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай түсініктер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым капиталы бойынша кредит – ұзақ мерзімді активтерді (инвестициялар және негізгі қаражат) шегергендегі активтерден аспайтын мөлшерде ұйымның ағымдағы қызметін қаржыландыру үшін берілетін кредит;
2) активтер – барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар;
3) активті (шартты міндеттемені) қарсы жіктеу – провизияларды (резервтерді) оған қарсы аяғына дейін тиісінше құра және (немесе) тарата отырып, осының алдында жіктелген активті (шартты міндеттемені) жіктеу;
4) бірыңғай кредиттер портфелі – кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамасы бар және осы Ереженің 5-тарауының талаптарына және банктің басқарушы органы бекіткен банктің ішкі ережелеріне сәйкес келетін кредиттер тобы;
5) инвестициялық заем (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):
заем (кредит) мерзімі бес және одан артық жылға жасалады;
заем (кредит) шартының талаптары бойынша мерзімінен бұрын толық өтеуге тыйым салынған. Заемды ішінара өтеу заемшының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін;
заем (кредит) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және модернизациялауға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға беріледі;
6) кредит (заем) – банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-ақ вексельді есепке алуды жүзеге асыруы (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін кредит деп банктік заем операцияларын жүзеге асыру түсіндіріледі);
7) қамтамасыз ету құны – ағымдағы сәтке нарықтық құннан, яғни оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескергендегі әділ құнынан анықталатын кепілді қамтамасыз ету құны;
8) провизиялар (резервтер) – нақты активтің құнын жоғалтуға душар болуын тану, ал шартты міндеттеме жағдайында - банктің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі немесе активтердің (шартты міндеттемелердің) жиынтығы бойынша шығынға душар болуын тану;
9) секьюритилендірілген активтер – «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы Заңына сәйкес бөлінген активтер;
10) тең заемшы – заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған ақшаны қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде заем (кредит) бойынша сыйақы мен басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;
11) шартты міндеттеме – бұл:
банктің толық бақылауында болмайтын алдағы бір немесе бірнеше белгісіз оқиғалардың пайда болуы (пайда болмауы) кезінде ғана тану мүмкін болатын міндеттеме;
үшінші тұлғаның пайдасы үшін және шарт талаптары негізінде пайда болған клиенттің кредиттік тәуекелдеріне жауап беретін банк қабылдаған міндеттеме.
2. Банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) электронды тасымалдағыштармен, әрбір активтердің, шартты міндеттемелердің, бірыңғай кредиттердің түрі бойынша (депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар, дебиторлық берешек, банкте олар бойынша секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдалануға уәкілетті органның жазбаша растамасы бар секьюритилендірілген активтер, банкте олар бойынша секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдалануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ секьюритилендірілген активтер), бірыңғай кредиттерді олардың әр қайсысының бірыңғайлылық белгісі бойынша талдау қосымшасымен бірге жеке кесте түрінде ұсынады.
3. Электронды тасымалдағыштағы есептер берілген деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралы бар ақпаратты жеткізуге кепілдік берілген көлік жүйесін пайдалану арқылы жіберіледі.
4. Ай сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есептерге бірінші басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қояды, ол мөрмен расталады және банкте сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша банктер сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағыштағы есепті береді.
5. Электронды тасымалдағышпен, қағаз тасымалдағышпен берілген деректердің дәлме дәлдігін банктің бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етеді.
6. Банктердің салық салынатын кірісті анықтау кезінде алып тастау құқығы бар провизиялар (резервтер) бойынша күмәнді және үмітсіз активтердің және шартты міндеттемелердің тізбесі Кодекс бойынша анықталады.
2-тарау. Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу
туралы негізгі ережелер
7. Активті және шартты міндеттемелерді жіктеу, оларды банктің бухгалтерлік есебінде көрсету банк пен оның борышкері (дебиторы) арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді, оның ішінде банктің талап етудің (борыштың) негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны, сондай-ақ борышкердің (дебитордың) шарт талаптарын бұзғаны үшін айыппұл мен өсімпұлды толық көлемде алу құқығына әсер етпейді.
8. Барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын актив-талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар мен салықтар және бюджетке төленетін міндетті басқа төлемдер бойынша есептерді қоспағандағы шартты міндеттемелер жіктеуге жатады.
Осы Ереженің мақсаты үшін уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасымен бірге сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтинг бағаларын таниды.
8-1. Секьюритилендірілген активтер осы Ережеге сәйкес жіктелуге жатады. Банкте олар бойынша секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдалануға уәкілетті органның жазбаша растамасы бар секьюритилендірілген активтер бойынша провизиялар құрылмайды.
9. Осы Ереженің 8-тармағының талаптарын ескеріп, банктің бағалы қағаздар портфеліндегі бағалы қағаздар мына жағдайлардан басқа жағдайда жіктелуге жатады:
«ВВВ-»-тан төмен емес (Standard & Poor's және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздары;
«ВВ-»-тан төмен емес (Standard & Poor's және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «Ва3»-тен төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) рейтингі не жоғарыда аталған рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздары;