• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 12.12.2014 г

Отправить по почте

10

Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 12.12.2014 жылғы № 1315 Қаулысына сәйкес
"Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылдарға арналған нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестегi мемлекеттiк бағдарлама туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже);
2)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.08.2007 № 735 Қаулысымен; (13.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне Рұқсаттар нысандары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2003 № 947, 24.08.2007 № 735 Қаулыларымен (03.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi:
8 және 12-тармақтарындағы "есiрткiлi заттар" деген сөздер алынып тасталсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.06.2008 № 578 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2001 № 151, 16.02.2001 № 247 Қ аулыларымен.
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.
Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.02.2001 № 247 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2000 жылғы 10 қарашадағы
 N 1693 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру Ережесi
Мәтiндегi "ҚР Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (әрi қарай - Агенттiк)", "Агенттiк", "Агенттiгiмен", "ҚР Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiмен", "ҚР Нашақорлыққа және есірткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттігiне" сөздер тиiсiнше "ҚР Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетi ", "Комитет", "Комитетiмен", "Комитет", "Комитетiне", "Комитетінiң", "Комитетпен", "Комитетiне" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.01.2001 № 151 Қаулысымен. Мәтіндегi: "ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің", "ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен" сөздер "ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің", "ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен" сөздермен, "ҚР Экономика және сауда министрлiгi" сөздер "ҚР Индустрия және сауда министрлiгi" сөздермен, "ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi", "ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң", "ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен" сөздер "ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi", "ҚР Денсаулық сақтау министрлiгінің", "ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен" сөздермен, "ҚР Мемлекеттік кiрiс министрлiгiмен", "ҚР Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" сөздер "ҚР Кедендік бақылау агенттiгiмен", "ҚР Кедендiк бақылау агенттiгi" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 03.09.2003 № 893 қаулысымен. Мәтiндегi "Кедендiк бақылау агенттiгiмен", "Кедендiк бақылау агенттiгi" сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiмен", "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 13.01.2006 № 38 Қаулысымен.(әрi қарай - Комитет)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрлендi.  
Ереже есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау), сондай-ақ заңсыз айналымнан алынып қойылған заттар мен құралдарды бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi. 
Құрамында есiрткi құралдар, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186  қаулысының 1-қосымшасына сәйкес Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тiзiмiнiң I, II, III және IV кестелерiне (бұдан әрi - Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерi) енгiзiлген құралдар мен заттарды жасауға, өндiруге, ұқсатуға, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, жоюға, медициналық, ғылым және оқу мақсаттарында, сарапшылық қызметте және криминалистiк зерттеулер жүргiзуде пайдалануға мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады.  Қараныз 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2003. № 947 қаулысымен. (03.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар  айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi бағыттары мен нысандарын айқындауды Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады. 
3. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитеті (бұдан әрi - Комитет) мына мүдделi мемлекеттiк органдармен: 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен; 
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiмен;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бiрлесiп, олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 23.05.2001 № 695, 03.03.2004 № 261, 24.11.2010 № 1246 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың нысандары мен тәртiбi 
4. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1961 жылғы "Есiрткi құралдары туралы ", 1971 жылғы "Психотроптық заттар туралы ", 1988 жылғы "Есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы " конвенцияларының (бұдан әрi - БҰҰ Конвенцияларының) талаптарына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылаудың негiзгi нысандары мыналар болып табылады:  
есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға халықаралық квота - БҰҰ-ның Есiрткiлердi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi (бұдан әрi - БҰҰ ЕБХК) Конвенцияларға мүше елдер үшiн жыл сайын осы елдердiң үкiметтерi ұсынатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттарға, прекурсорларға қажеттiлiк есебi негiзiнде бекiтетiн олардың мөлшерi;  
есiрткi құралдарына және психотроптық заттарға, прекурсорларға мемлекеттiк квотаны (Қазақстан Республикасының қажеттiлiк нормасы) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және бекiтедi және халықаралық шарттарға сәйкес есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға қажеттiлiк есебi шегiнде олардың айналымы жүзеге асырылатын есеп негiзiнде Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квотаны БҰҰ ЕБХК-iнiң бекiтуiне жiберiледi.  
есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды бөлу - бұл республиканың iшкi рыногын көрсетiлген құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған және бөлiнген квоталар шегiнде әртүрлi ведомстволардың кәсiби қызметiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн iс-шаралар.  
Тiзiмнiң ІІ кестесiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар бөлуге жатады.  
Бөлудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмi негiзiнде Агенттiк жүзеге асырады.  
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды бөлудiң негiзгi қағидаттары кәсiпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметi үшiн қажет, бiрақ олардың 6 айлық қорынан аспайтын мөлшерде, осы құралдарға аймақтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады.