Осы редакция 05.04.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1507
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы
17 сәуірдегі N 2200
заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына
лицензиялар берудің тәртібі;
2) Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық
қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің
тәртібін бекітсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1507 қаулысымен
бекiтiлген
Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге
асыруына лицензиялар берудің
Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруына мемлекеттiк лицензиялар берудiң ретiн, шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi.
2. Күзет қызметiн лицензиялаудың мақсаттары:
1) күзет қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
2) күзет қызметтерiн көрсету саласында нарықтық қатынастарды және күзет субъектiлерiнiң арасындағы салауатты бәсекелестiктi дамыту;
3) күзет жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жоғары деңгейiн және күзет субъектiлерi (лицензиаттар) қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады.
Лицензия болмаған жағдайда жасалған күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған шарт жарамсыз деп танылады.
4. Тиiстi лицензиясыз не нормалар мен ережелердi бұза отырып күзет қызметiмен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Күзет қызметi деп жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша күзет қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсініледi.
6. Лицензиялардың түрлерi:
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi:
1) Күзет субъектiлерi бойынша:
күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiлетiн;
күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiлетiн лицензиялар.
2) Қызмет ауқымы бойынша:
заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар.
3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын;
қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілi бiр аумағымен шектелетiн.
7. Күзет қызметiн лицензиялауды жүзеге асыратын органдар:
Лицензиялар беру жөнiндегі уәкiлетті орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады;
Лицензиар заңдарға және осы Тәртіпке сәйкес өзiнiң аумақтық органдарына күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттіктер берудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
8. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - заңды және жеке тұлға - осы Тәртiппен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болуға мiндеттi.
9. Күзет қызметiне байланысты заңды қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер заңды тұлға лицензиярға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті:
1) белгiленген үлгiдегі өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек.