• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2012 г

Отправить по почте

2

Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.11.2012 № 1421 Қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1451 (04.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1451 (04.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1) "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат); 
2) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 407 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы; 
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 224-құжат). 
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 10 тамыздағы
 N 686 қаулысымен
 бекітілген
Күзет қызметін лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1451 Қаулысымен (04.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 10 тамыздағы
 N 686 қаулысымен
 бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1451 Қаулысымен (04.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 10 тамыздағы
 N 686 қаулысымен
 бекітілген
Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары
1. Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғалар үшін мыналарды:
1) жеке күзет ұйымының басшысында, сондай-ақ олардың филиалдарының басшыларында жоғарғы заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.
Жеке күзет ұйымы басшысының лауазымдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады;
2) күзетші лауазымына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің нашар көруіне, психикалық ауруына, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсеткіштері жоқ) жасы 19-дан төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады; 
3) қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайлардың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған келісім-шарттың) болуын; 
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(10.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.04.2009. № 461 Қаулысымен)
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(10.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.04.2009. № 461 Қаулысымен
 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 09.12.2010 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс), 01.07.2011 № 751 (22.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс), 05.12.2011 № 1451 Қаулыларымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің баптың тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
2) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін күзет ұйымының басшысы немесе күзетші болып жұмысқа қабылданғанға дейін бұрын бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
3) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған;
4) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметінен босатылған адамдар қабылданбайды.
1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 751 Қаулысымен.(22.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 751 Қаулысымен (09.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(22.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) осы біліктілік талаптарының 1-тармағында көзделген талаптар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығына келісімі.
Біліктілік талаптары 3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.08.2011 № 909 Қаулысымен.(22.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 10 тамыздағы
 N 686 қаулысымен
 бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Біліктілік талаптары алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2011 № 1451 Қаулысымен (04.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)