• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 407

Осы редакция 10.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы  Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:  
1. Қоса беріліп отырған:  
1) Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;  
2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.  
2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерiндегi, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерiндегi күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталықтары белгiленсiн.  
3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi: 
бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі; 
он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi; 
сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып  
бекiтiлсiн. 
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 5 сәуiрдегi
 N 407 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық  
  күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары  
  мен арнаулы техникалық құралдардың  
  ТIЗБЕСI  
1. Арнаулы қорғау құралдары: 
1) резина таяқшалары; 
2) инкассация мен құндылықтар тасымалдауға арналған бронды машиналар; 
3) 1 және 5 қорғау сыныбының қорғау жилеттерi; 
4) 1 және 3 қорғау сыныбының қорғау шлемдерi. 
2. Арнаулы техникалық құралдар: 
1) күзеттiк, дабылдық белгi беру жүйелерi; 
2) өтудi бақылау жүйесi; 
3) қосарлы қолдану техникасына жатпайтын теледидарлық 
байқаудың бейне бақылаулық және бейне күзеттiк жүйелерi; 
4) қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылыстарды айқындайтын детекторлар; 
5) радиоактивтi, химикалық және басқа улағыш заттарды 
айқындайтын детекторлар; 
6) хабарландыруды беретiн жүйелер.
1. Резина таяқшаны қолдану кезiнде олармен құқық бұзушының басынан мойнынан және бұғаналы жерлерiнен, iшi мен жыныс органдарынан ұруға тыйым салынады. 
       2. Республиканың аумағында қолданылатын техника қауiпсiздiк жүйесiнiң арнайы жабдықтарының атауы Қазақстан Республикасы IIМ жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалады. 
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 5 сәуiрдегi
 N 407 қаулысымен
 бекiтiлген
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi құжаттарының  
  нысандары мен үлгiлерi   
1. Жеке күзет ұйымының, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсi. 
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады. 
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады. 
Сыртында, бет жағында:
                    КУӘЛIК  
                         УДОСТОВЕРЕНИЕ   
деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.  
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келiсiледi. 
2. Жеке күзетші құжатының нысаны мен үлгісі     
Куәліктің екі жағында жазулары бар көлемі 105 х 75 мм. бланкіге баспаханалық тәсілмен көк түсті бланкіде орындалады. Жапсырылатын фотосуреттің көлемі 3,5 х 4,5 см. құрайды.     
Жеке күзетші                                  ЛИЦЕНЗИЯ   
УДОСТОВЕРЕНИЕ                                
      КУӘЛІГІ     частного охранника        Серия ____   N __  
   Серия АА                  Берілген уақыты