1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Отправить по почте
Осы редакция 31.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 және 2004 жылғы 28 сәуiрдегі N 475 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 193 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесi (осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес) бекiтілсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тізбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi";
кесте мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1-1-жолмен толықтырылсын:
"1-1 Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өсiмдiктердiң көктеуiне қарсы құралдар мен өсуiн реттеуiштер, бөлшек сауда үшiн қалыптарға немесе орауыштарға бөлшектеп оралған немесе дайын препараттар немесе бұйымдар түрiнде ұсынылған дезинфекциялайтын және соған ұқсас заттар (күкiртпен өңделген ленталардан, бiлтелер мен шырақтардан, шыбын жабыстырғыш қағаздан басқа)* 3808-ден";
2) "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған:
Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесi;
Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесiн қалыптастыру ережесi (осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес) бекiтілсiн.";
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |