• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 19.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N 221 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің 2007 жылғы нұсқасының үйлестірілген жүйесіне көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған күн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен;(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) "Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркін қойма" кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құл салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 16, 193-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркін қойма" кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесінде: 
"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды" деген бағанда: 
реттік нөмірі 1-жолдағы "8407 10" деген сандар "8407 10 000 0" деген сандармен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 2-жолдағы "8408 90 290 0" деген сандар "8408 90 270 0" деген сандармен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 7-жолдағы "8433 51 000 0-ден" деген сөздер "8433 51 000 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;