Bestprofi Logo

Қаулы № 162 от 2005-02-22г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 162 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы М 269 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 25-1, 25-2, 26-1, 26-2, 26-3, 27-1, 29-1, 30-1, 30-2, 30-3, 42-1, 42-2, 42-3, 60-1, 60-2, 60-3, 60-4, 60-5, 123-1, 127-1, 133-1, 156-1-жолдармен толықтырылсын:

"25-1 Азаматтық авиацияға арналған тартымы 8411 11 100 0 25 кН-нан аспайтын турбореактивті қозғалтқыштар 25-2 Азаматтық авиацияға арналған тартымы 8411 12 110 0 25 кН-нан астам, бiрақ 44 кН-нан аспайтын турбореактивтi қозғалтқыштар 26-1 Азаматтық авиацияға арналған тартымы 8411 12 190 0 132 кН-нан астам турбореактивтi қозғалтқыштар 26-2 Азаматтық авиацияға арналған қуаты 1100 8411 21 100 0 кВт-тан аспайтын турбовинтті қозғалтқыштар 26-3 Азаматтық авиацияға арналған қуаты 1100 8411 22 110 кВт-тан астам, бiрақ 3730 кВт-тан аспайтын турбовинттi қозғалтқыштар 27-1 Азаматтық авиацияға арналған қуаты 5000 8411 82 100 0 кВт-тан астам өзге де газ турбиналары 29-1 Азаматтық авиацияға арналған турбореактив- 8412 10 100 0 тiлерден басқа, реактивтi қозғалтқыштар 30-1 Азаматтық авиацияға арналған өзге де күш 8412 29 100 0 қондырғылары мен гидравликалық қозғалтқыштар 30-2 Азаматтық авиацияға арналған күш қондыр- 8412 31 100 0 ғылары және желілiк әрекеттегi пневмати- калық қозғалтқыштар (цилиндрлер) 30-3 Азаматтық авиацияға арналған өзге де күш 8412 39 100 0 қондырғылары мен пневматикалық қозғалтқыштар 42-1 Азаматтық авиацияға арналған ылғалдылығы 8415 81 100 0 жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғал- дылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдықталған, ауаны баптауға арналған қондырғылар, тоңазыту қондырғысы мен тоңазыту/жылыту циклын қосуға арналған клапан орнатылған (реверсивтiк жылу сорғылары) өзгелерi 42-2 Азаматтық авиацияға арналған ылғалдылығы 8415 82 100 0 жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғал- дылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдық- талған, ауаны баптауға арналған қондырғы- лар, тоңазыту қондырғысы орнатылған өзгелерi 42-3 Азаматтық авиацияға арналған ылғалдылығы 8415 83 100 0 жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғал- дылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдық- талған, ауаны баптауға арналған қондырғылар, тоңазыту қондырғысы орнатылмаған өзгелерi 60-1 Азаматтық авиацияға арналған өзге де 8425 19 100 0 көтергіш тальдар мен (тоңгершентi көтер- гiштерден немесе көлiк құралдарын көтеру үшiн пайдаланылатын көтергіштерден басқа) көтергiштер 60-2 Азаматтық авиацияға арналған электр 8425 31 100 0 қозғалтқыштан жетегi бар өзге де шығырлар 60-3 Азаматтық авиацияға арналған өзге де 8425 39 100 0 шығырлар 60-4 Азаматтық авиацияға арналған гидравликалық 8425 42 100 0 домкраттар мен көтергiштер, өзгелерi 60-5 Азаматтық авиацияға арналған домкраттар, 8425 49 100 0 өзгелерi 123-1 Азаматтық авиацияға арналған трансмиссия 8483 10 100 0 бiлiктерi (жұдырықша және иiндi бiлiктердi қоса алғанда) мен қос иiндер 127-1 Азаматтық авиацияға арналған шариктi 8483 30 100 0 немесе роликті подшипниктер орнатылмаған подшипниктердiң корпустары; білiктер үшiн сырғанау подшипниктерi 133-1 Азаматтық авиацияға арналған тiстi дөңге- 8483 90 100 0 лектер, тiзбектi жұлдызшалар және жеке қойылған басқа да беріліс элементтерi; бөлiктерi 156-1 Азаматтық авиацияға арналған күзет дабылы 8531 10 100 0 құрылғылары немесе өртке қарсы дабыл беруге арналған құрылғылар және осындай құрылғылар ".

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание