Toggle Dropdown
Осы редакция 10.02.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 наурыз N 247
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы
N 247 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы Нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулықтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Toggle Dropdown
қаулысымен
Toggle Dropdown
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады.
Toggle Dropdown
Комиссияның қызметі, әдетте, тұрақты не уақытша сипатта (6 айдан астам) болады.
Toggle Dropdown
Комиссияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқарады. Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс.
Toggle Dropdown
қаулысымен
Toggle Dropdown
3. Жұмыс топтары нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Жұмыс топтарының қызметі, әдетте, қысқа мерзімдік сипатта (6 айдан аз) болады және тиісті проблема және/немесе мәселе бойынша бір рет шешім қабылданғаннан кейін аяқталады. Жұмыс топтарының құрамына жұмыс тобына жүктелген міндеттерді орындайтын тікелей орындаушылар енгізіледі.
Toggle Dropdown
4. Комиссиялар мен жұмыс топтарының шешімдері ұсыныс сипатында болады.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар, әдетте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылады және таратылады. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады.
Toggle Dropdown
2. Комиссиялар мен жұмыс топтарын құрудың тәртібі
Toggle Dropdown
6. Комиссияның жеке құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен белгіленеді.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік органдар комиссияны немесе жұмыс тобын құруға белгілі бір мәселені шешу оның құзыретінің шегінен асып, басқа мемлекеттік органдардың қызмет аясын қамтығанда не оған осы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегі қажет болғанда бастамашылық жасайды. Мұндай жағдайда, комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган барлық мүдделі мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және өзге де тұлғалардан тиісті проблема немесе мәселе бойынша олардың қызметіне қатысу ықтималдығы туралы ұсыныстарын сұратады.
Toggle Dropdown
қаулысымен
Toggle Dropdown
8. Комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияны (жұмыс тобын) құру қажеттілігінің анықтама-негіздемесін (алдын-ала келісу сатысы) ұсынады, онда мыналар көзделеді:
Toggle Dropdown
1) комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемесі;
Toggle Dropdown
2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер мен функциялар;
Toggle Dropdown
3) комиссияның жұмыс органының функциясын орындау жүктелетін министрлік не ведомство;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына енетін кандидатуралар жөніндегі ұсыныстары;