• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 06.04.2006 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 наурыз N 247
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы   консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.  
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. 
Тақырыбы мен 1-тармағы өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000. № 696 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 1999 жылғы 16 наурыздағы
 N 247 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы Нұсқаулық
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000. № 696 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулықтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000. № 696 қаулысымен.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2005. № 135 қаулысымен. (05.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкiметi мүшелерiнiң алқа шешiмiн қабылдауды талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары немесе алмастыру құқығынсыз олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар кiредi. 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен оның орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ екi және одан астам мемлекеттiк органдардың құзыретi шегiнен шығатын мәселелер бойынша не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары басқаратын комиссиялардың құрамына алмастыру құқығынсыз мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды тұлғалар кiредi. 
Салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылатын комиссияларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де мүшелерi басқарады. 
Осындай комиссиялардың құрамына кiретiн мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының мәртебесі департамент директорынан төмен емес болуы тиiс. 
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.02.2005. № 135 қаулысымен.
3. Жұмыс топтары нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Жұмыс топтарының қызметі, әдетте, қысқа мерзімдік сипатта (6 айдан аз) болады және тиісті проблема және/немесе мәселе бойынша бір рет шешім қабылданғаннан кейін аяқталады. Жұмыс топтарының құрамына жұмыс тобына жүктелген міндеттерді орындайтын тікелей орындаушылар енгізіледі.  
4. Комиссиялар мен жұмыс топтарының шешімдері ұсыныс сипатында болады.  
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар, әдетте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылады және таратылады. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады. 
2. Комиссиялар мен жұмыс топтарын құрудың тәртібі
6. Комиссияның жеке құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.  
Жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен белгіленеді.  
7. Мемлекеттік органдар комиссияны немесе жұмыс тобын құруға белгілі бір мәселені шешу оның құзыретінің шегінен асып, басқа мемлекеттік органдардың қызмет аясын қамтығанда не оған осы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегі қажет болғанда бастамашылық жасайды. Мұндай жағдайда, комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган барлық мүдделі мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және өзге де тұлғалардан тиісті проблема немесе мәселе бойынша олардың қызметіне қатысу ықтималдығы туралы ұсыныстарын сұратады.   
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.03.2004. № 279 қаулысымен. (05.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияны (жұмыс тобын) құру қажеттілігінің анықтама-негіздемесін (алдын-ала келісу сатысы) ұсынады, онда мыналар көзделеді:  
1) комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемесі;  
2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер мен функциялар;  
3) комиссияның жұмыс органының функциясын орындау жүктелетін министрлік не ведомство;  
4) комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды тұлға, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстары;