• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы

Редакция 29.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулыда:
1) 2-тармақта:
бірінші абзацтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған, не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.»;
бірінші абзацтағы «немесе біртектес» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстың бірнеше рет жасалуын тек ұқсас қылмыстар құрайды. Сондықтан бірнеше біртектес қылмыстарды жасау қылмыстарды бірнеше рет жасау ретінде танылмайды және қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға жатады. Мысалы, адамның ұрлық жасауы мен тонауы оның әрекеттері «қылмысты бірнеше рет жасау» деген белгісіз, ҚК-нің 175-бабы мен 178-бабының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.»;
бірінші абзацта «кінәнің бірыңғай нысанымен» деген сөздер «бірыңғай пиғылмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Адам ҚК-нің бір бөлігімен қарастырылған жалғасқан қылмысты жасаған кезде, белгілері ҚК-нің жалғасқан қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабының (мысалы, ірі мөлшердегі есірткіні өткізу мақсатында заңсыз сақтау кезеңінде оның бөліктерін бірнеше мәрте өткізу) диспозициясымен қамтылмайтын басқа бөлігінде көзделген басқа қылмысты жасаған жағдайда, оның әрекеттері ҚК бабының неғұрлым қатаң жаза белгіленетін бөлігі бойынша саралауға жатады. Бұл ретте адамның жасаған барлық әрекеттерінің белгілері айыптауда және үкімде көрсетілуге тиіс.»;
4) 6-тармақтың соңғы сөйлемі алып тасталсын;
«апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
«немесе» деген сөз алып тасталып, оның орнына үтір қойылсын;
«шағымы» деген сөзден кейін «немесе өтініші» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулыда:
1) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер адам ҚК-нің 63-бабы қолданылып шартты түрде сотталса және оған қосымша жаза тағайындалса, онда негізгі және қосымша жаза бойынша соттылықтың жойылу мерзімі: негізгі жаза бойынша ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігінің а) тармағының негізінде сынақ мерзімі өткеннен кейін; қосымша жаза бойынша ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігінің в) тармағының негізінде негізгі жаза өтелгеннен кейін бір жыл өткеннен кейін есептеледі. Сондықтан адам шартты түрде сотталуына байланысты үкім бойынша тағайындалған сынақ мерзімі өткеннен кейін, бірақ қосымша жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаған кезде ол бас бостандығынан айыру түріндегі соттылығы бар деп таныла алмайды. Мұндай жағдайларда сот соңғы үкім бойынша қылмыстың қайталану түрлерін анықтау кезінде адамның қосымша қосымша жазасына ғана қатысты өтелмеген соттылығын ескереді, ал жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындаған кезде сот ҚК-нің 60 және 61-баптарының талаптарын сақтай отырып, алдыңғы үкім бойынша тағайындалған қосымша жазаның өтелмеген бөлігін соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға толық немесе ішінара біріктіреді.»;
2) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: 
«9-1. Адамды қылмыстардың немесе ауырлық дәрежесі әр түрлі қылмыстарға үкімдердің жиынтығы бойынша соттаған кезде соттылық ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігіне сәйкес әрбір қылмыс үшін бөлек өтеледі, бұл ретте барлық өтеу мерзімдері адамның ҚК-нің 58 немесе 60-бабының негізінде сот тағайындаған түпкілікті жазаны адамның іс жүзінде өтеген сәтінен бастап есептеледі.»;
3) 15-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
4) 23-тармақ алып тасталсын;
бірінші абзацтағы «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «апелляциялық және қадағалау сатылары» деген сөздер «апелляциялық сатыдағы сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «немесе қадағалау» деген сөздер алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2015 жылы № 132 (28610) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 нормативтік қаулыда: 
1) 1-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы «кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-тармақ алып тасталсын; 
3) 3-1-тармақтың бірінші абзацында «кез келген» деген сөздер алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. ҚК-нің 67-бабының үшінші бөлігі бойынша адамның өлімімен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 82-бабында  көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 38-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі бұзуға тек соттың құқығы бар.»;
5) 9-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. ҚК-нің 67-бабының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінің негізінде татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тек жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға) болған кезде жол беріледі.
ҚК-нің 67-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтырған болса, жәбірленуші болмаған кезде де ҚК-нің 67-бабының төртінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. 
ҚК-нің 307-бабына дің бесінші бөлігінде тізбесі берілген сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша ҚК-нің 67-бабын қолдануға жол берілмейді.
9-2. ҚІЖК-нің 38-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 67-бабы төртінші бөлігінің негізінде сотқа дейінгі сатыда – прокурор және оның келісімімен тергеуші немесе анықтау органы, сот талқылауы сатысында тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот (судья) адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қылмыстық істі бұзуға құқылы.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ҚК-нің 
67-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген заңның нормаларын қолдану міндетті емес (факультативтік) болып табылады.»;
екінші абзацта «Бұл орайда» деген сөздер «Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;