• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 27.02.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 26 маусым N 643
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 3-тармағына, 38-бабына, 43-бабының 3-тармағына және 48-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже; 
2) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы ереже; 
3) Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың: 
1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3004  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 3746  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2001 жылғы 26 маусымдағы
 N 643 Жарлығымен
 бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына  сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды. 
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады. 
3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады. 
4. Тағылымдаманың мерзiмiн машықтанушы-кандидаттың жұмыс стажы мен тәжірибесiне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметiне және судья қызметiне орналасу үшiн оның кәсiби даярлығының деңгейiн айқындайтын негiздердегi басқа да мәлiметтерге сәйкес үш айдан бiр жылға дейiнгi аралықта аудандық соттың төрағасы белгiлейдi. 
5. Жалпы отырыс ерекше жағдайларда, бұрын судья лауазымында бiр жылдан астам жұмыс тәжiрибесi бар немесе соттардың қызметiмен тiкелей байланысты мемлекеттiк органдарда үш жылдан астам тәжiрибесi бар, сондай-ақ құқық саласында ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар аудандық соттың судьясы қызметiне кандидаттарға көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн оң қорытынды беруге хақылы. 
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 1, 2-тармақтарындағы талаптарға жауап беретiн азаматтар жоғары тұрған соттардың судьясы бола алады.
2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар
6. Тағылымдамадан өтуге: 
1) жиырма бес жасқа толған; 
2) жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша: аудандық соттың судьясы қызметiне кандидат үшiн - кемiнде екi жыл, жоғары тұрған соттың судьясы қызметiне кандидат үшiн - кемiнде бес жыл, соның iшiнде, әдетте, кемiнде екi жыл судья болған жұмыс стажы бар; 
3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi
7. Осы Ереженiң 6-тармағының талаптарына жауап беретiн және судья қызметiне орналасуға конкурсқа қатысу үшiн тағылымдамадан өтуге тiлек бiлдiрген адам аудандық және оған теңестiрiлген соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiш бередi. 
8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс. 
Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн. 
9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi аудандық соттың төрағасы: 
1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы; 
2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. 
10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелдi болуға тиiс. 
Өтiнiш иесiне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейiп кету себебiне байланысты тағылымдамадан өтуiне бас тартуға болмайды. 
11. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтiк бағдарламаларына енгiзiлген арнайы іс-шараларды орындауын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыруға, статистикалық есептердi, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелердi шешудi қамтиды. 
12. Тағылымдама аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi. 
13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейiн, соттың төрағасы судьялардың арасынан тағылымдаманың жетекшiсiн тағайындайды. 
Тағылымдаманың жетекшiсi машықтанушы-кандидат үшiн қажеттi жұмыс көлемiн белгiлейдi және оның орындалуын бақылайды. 
14. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша машықтанушы-кандидат жан-жақты есеп дайындайды, оны аудандық соттың төрағасы жалпы отырыстың қарауына енгiзедi. Есепке машықтанушы-кандидат дайындаған барлық іс жүргізу құжаттары мен өзге де құжаттар қоса тіркеледі. 
15. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау үш айдан кешiктiрiлмей, жалпы отырыста машықтанушы-кандидаттың есебi тыңдала отырып жүргiзiледi. Машықтанушы-кандидаттың есебi жөнiнде жалпы отырыстың пікірі көпшілік дауыспен қабылданатын қорытынды түрiнде ресiмделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.
4. Қорытынды ережелер
16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамасының нәтижелерiн қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды ұсынады. 
17. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың негiзгi жұмыс орнын қалдыруына әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2001 жылғы 26 маусымдағы
 N 643 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларын құру, жұмысы мен қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртiптiк iстер мен бiлiктiлiк iс жүргізу материалдарын қарау тәртiбiн белгiлейдi.