1. Қоса берiлiп отырған:










Отправить по почте

"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 26 маусым N 643
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38 және 38-1-баптарына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже;
1-1) Сот жюриi туралы ереже;
2) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы бекiтiлсiн.
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3004 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 3746 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығымен бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2-1. Жүктелген міндеттерді орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Сот жюриінің қорытындысына байланысты не тәртіптік қылықтар жасағаны үшін судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген тұлғалардың, сондай-ақ бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап алты жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған адамдар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.
3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.
4. Тағылымдамадан өту мерзімін облыстық соттың және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) төрағасы тоғыз айдан бір жылға дейінгі шекте белгілейді.
Заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ құқықтың белгілі бір саласында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі оның еңбек өтіліне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызметіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердің басқа да деректеріне байланысты алты айдан тоғыз айға дейін шекте белгіленеді.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар
6. Тағылымдамадан өтуге:
1) жиырма бес жасқа толған;
2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар;
3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.02.2007 № 292, 01.04.2011 № 1177 Жарлықтарымен. (26.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi
7. Судья қызметіне орналасуға конкурсқа қатысу үшін тағылымдамадан өтуге тілек білдірген адам облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.
Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жерi бойынша тiркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.02.2007 № 292, 01.04.2011 № 1177 Жарлықтарымен. (26.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс.
Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн.
9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi облыстық соттың төрағасы:
1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы;
2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
9-1. Егер адам тағылымдамадан өтуге жіберілсе, тағылымдамадан өту жүзеге асырылатын аудандық сотты не аудандық соттарды, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін жалпы үйлестіру мен бақылау жүктелетін облыстық сот судьясын - тағылымдама үйлестірушісін облыстық соттың төрағасы өкіммен белгілейді.
Облыстық сот төрағасының өкімі облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сот кеңсесінің басшысы мен машықтанушы-кандидаттың арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасау үшін негіз болып табылады.
Тағылымдамадан өту туралы келісімде:
1) тараптардың атауы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) тағылымдамадан өту орны;
4) тағылымдамадан өту талаптары, тәртібі мен мерзімдері қамтылуға тиіс.
Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері машықтанушы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелдi болуға тиiс.
Өтiнiш иесiне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейiп кету себебiне байланысты тағылымдамадан өтуiне бас тартуға болмайды.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |