• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 26 маусым N 643

Редакция 01.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 8-тармағына, 30-1-бабының 3-тармағына және 38-1-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін:
кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 01.04.2011 жылғы № 1177 Жарлығымен (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.02.2022 жылғы № 804 Жарлығы​на сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.02.2007 жылғы № 292, 01.04.2011 жылғы № 1177, 18.05.2012 жылғы № 329 Жарлықтарымен (26.06.2001 жылғы жылғы редакцияны қараңыз)
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже; 
1-1) Сот жюриi туралы ереже; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 18.05.2012 жылғы № 329 Жарлығымен; (01.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 01.04.2011 жылғы № 1177 Жарлығымен (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 28.08.2017 жылғы № 535 Жарлығымен (22.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ереже.
1-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 05.04.2019 жылғы № 16 Жарлығына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың: 
1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3004 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 3746 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2001 жылғы 26 маусымдағы
 N 643 Жарлығымен
 бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.02.2007 жылғы № 292, 01.04.2011 жылғы № 1177 Жарлықтарымен (26.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда ҚР Президентінің 01.04.2011 жылғы № 1177 Жарлығымен (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда ҚР Президентінің 18.05.2012 жылғы № 329 Жарлығымен (01.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.07.2013 жылғы № 595 Жарлығына сәйкес (18.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.02.2016 жылғы № 201 Жарлығына сәйкес (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2016 жылы № 37 (28769)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.08.2017 жылғы № 535 Жарлығымен (22.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.04.2019 жылғы № 16 Жарлығына сәйкес (28.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің шарттары мен тәртібін белгілейді.
2. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеттері жергілікті соттардағы жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеру болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Тағылымдамадан өту судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Судьялыққа кандидат Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өте алады.
Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.
3. Бұрын кемінде бес жыл судья болып тұрақты жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күнінен бастап төрт жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген адамдардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығымен (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) аяқтаған адамдардың оқуды аяқтаған күнінен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
4. Тағылымдамадан өту мерзімі аудандық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – аудандық сот) сегіз айды, облыстық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – облыстық сот) бір айды құрайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.02.2022 жылғы № 804 Жарлығы​на сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған және заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған және заң мамандығы бойынша кем дегенде он бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі екі айды, оның ішінде аудандық сотта бір айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Тізбесін Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекітетін құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар болып табылатын адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі облыстық сотта бір айды құрайды.
Судьялыққа кандидат ұзақтығы екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы тағылымдаманы тоқтатады.
Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьялыққа кандидаттың өтініші бойынша уәкілетті органның басшысы белгіленген мерзім өткенге дейін тағылымдаманы тоқтатады.
Кейіннен судьялыққа кандидат осы Ережеде белгіленген тәртіппен тағылымдамадан өтуге жіберілуі мүмкін.
Уәкілетті орган бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымды алған адамдардың тағылымдамасы тоқтатылғаны туралы мәліметті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жоғары Сот Кеңесіне жолдайды.
2. Судьялыққа кандидатқа қойылатын талаптар
5. Тағылымдамадан өтуге:
1) жиырма тоғыз жасқа толған;
2) жоғары заң білімі бар, моральдық-адамгершілік қасиеттері жоғары, абыройы мінсіз, заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар;
3) қолданылу мерзімі өтпеген (оның ішінде тағылымдаманың болжанып отырған мерзімі аяқталғанға дейінгі өтпеген) біліктілік емтиханын тапсырған;
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығы расталған Қазақстан Республикасының азаматы жіберіледі.
3. Тағылымдамадан өтудің шарттары мен тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырған және Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адамдардың тізімдерін уәкілетті органға жолдайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы уәкілетті орган басшысының ұсыныстары негізінде жыл сайын жергілікті соттарда тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлуді жүзеге асырады.
Тағылымдамадан өтуге арналған орындар облыста, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда судьялардың болжанатын бос орындарының саны негізінде, бірақ әрбір облыс, астана және республикалық маңызы бар қала үшін кемінде үш орыннан бөлінеді.