Toggle Dropdown
7
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күшi бар жарлығы
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және азаматтардың өтiнiштерiн жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қараудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеудiң маңызды құралы ретiнде айқындау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
Toggle Dropdown
1-бап. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңдар
Toggle Dropdown
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен реттеледi.
Toggle Dropdown
2-бап. Өтiнiштердiң негiзгi түрлерi жөнiндегi ұғым
Toggle Dropdown
Осы Жарлықта пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
Toggle Dropdown
1. Ұсыныс дегенiмiз - қандай-да мемлекеттiк органдардың сондай-ақ ұйымдардың (бұдан әрi - органдар) жұмысын жетiлдiрудiң қажеттiгiне назар аударуды олардың алдына қойылған мiндеттердi шешудiң нақтылы жолдары мен тәсiлдерiн ұсынуды мақсат етiп қоятын өтiнiш түрi.
Toggle Dropdown
2. Арыз дегенiмiз - азаматтардың органдарға немесе олардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына (бұдан әрi - лауазымды адамдар) жолдаған ресми өтiнiшi, сол арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты емес субъективтiк құқықтары жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Шағым дегенiмiз - азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы, өтiнiштер бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалмауы, лауазымды адамдардың жолсыз әрекеттерi туралы өтiнiшi.
Toggle Dropdown
4. Үн қосу дегенiмiз - азаматтар сол арқылы мемлекеттiң жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатына, сондай-ақ қоғамдық мәнi бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын бiлдiретiн өтiнiштiң түрi.
Toggle Dropdown
5. Сұрау салу дегенiмiз - өздерiн толғантатын жеке немесе қоғамдық сипаттағы мәселелер жөнiнде ақпарат алуға деген азаматтардың мұқтажын бiлдiретiн өтiнiш.
Toggle Dropdown
3-бап. Азаматтардың өтiнiш жасау құқығы
Toggle Dropdown
Өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүддесiн қорғау мақсатында азаматтардың органдар мен олардың лауазымды адамдарына өтiнiш жасауға құқы бар.
Toggle Dropdown
4-бап. Осы Жарлықтың қолданылу шегi
Toggle Dropdown
Өздерiнiң жоғары тұрған органдары жоқ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әрекеттерi жөнiндегi азаматтардың өтiнiштерi сот тәртiбiмен шешiледi.
Toggle Dropdown
Шешiлу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу туралы заңдар мен өзге де заңдарда белгiленген азаматтардың өтiнiштерi, сондай-ақ тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлмеген, қойған қолы, тұрған жайы, жұмысы немесе оқуы туралы деректерi жоқ жасырын өтiнiштер қаралуға жатпайды.
Toggle Dropdown
5-бап. Өтiнiштi беру процедурасы мен нысаны
Toggle Dropdown
Осы жарлықта белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде тiркелуге және қаралуға жатады. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Өтiнiштерде тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiш берушiнiң тұрғын жайы, жұмысы немесе оқуы жайындағы мәлiметтер, әрекеттерiне шағым жасалатын органдардың немесе лауазымды адамдардың атауы, өтiнiштiң себептерi, өз талаптары көрсетiледi. Өтiнiшке оны берушi қол қоюға тиiс.
Toggle Dropdown
Өтiнiштер жеке немесе ұжымдық болуы және ауызша немесе жазбаша нысанда берiлуi мүмкiн. Азамат өтiнiш беруге басқа адамды уәкiлдi етуге құқылы. Кәмелетке толмаған және iс-қимылға қабiлетсiз адамдардың мүдделерi үшiн өтiнiштi олардың заңды өкiлдерi бередi.
Toggle Dropdown
Өтiнiштер онда қойылған мәселелердi шешу солардың құзырына жататын органға немесе лауазымды адамға жолданады.
Toggle Dropdown
Азаматтар мемлекеттiк тiлде, ұлтаралық қатынас тiлiнде, ана тiлiнде немесе өздерi бiлетiн кез-келген тiлде ұсыныс жасауға, арыз беруге, шағым етуге, үн қосуға, сұрау салуға құқылы. Жауаптар мемлекеттiк тiлде немесе ұлтаралық қатынас тiлiнде қайтарылады.
Toggle Dropdown
6-бап. Өтiнiштердi қарау мерзiмi
Toggle Dropdown
Азаматтардың өтiнiштерi органдарға түскен күннен бастап бiр айға дейiнгi мерзiмде, ал қосымша зерделеу мен тексеру талап етiлмейтiндерi 15 күннен кешiктiрiлмей қаралып, солар бойынша шешiмдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда тиiстi ұйымның басшысы өтiнiштiң қаралу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауға тиiс, бұл жөнiнде азамат хабардар етiледi.
Toggle Dropdown
Қойылған мәселелер өздерiнiң құзырына жатпайтын органдарға түскен өтiнiштер 5 күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiледi, бұл жөнiнде азамат хабардар етiледi.
Toggle Dropdown
Лауазымды адамдардың әрекетiне немесе органдардың шешiмiне арыз бағыныштылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға тиiстi лауазымды адамның әрекетi немесе органның қабылдаған шешiмi туралы азаматқа белгiлi болған кезден бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Дәлелдi себеппен өткiзiлiп алған мерзiмдi шағымды қараушы орган қалпына келтiредi.
Toggle Dropdown
7-бап. Өтiнiштер бойынша iстi тоқтату
Toggle Dropdown
Өтiнiштерде қойылған мәселелер қаралып, олар бойынша қажеттi шаралар қолданылғанда және өтiнiш берушiлерге жауап қайтарылғанда азаматтардың өтiнiштерi шешiлген деп есептелiнедi.
Toggle Dropdown
Егер мәселелердi шешу ұзақ мерзiмге қалдырылса, онда оның түбегейлi орындалғанға дейiн өтiнiш қосымша бақылауға алынады.
Toggle Dropdown
Егер өтiнiштер жөнiнде тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары болса және авторларына белгiленген тәртiппен жауап қайтарылса, соны дәлелдер немесе жаңадан туындаған жағдаяттар келтiрiлмеген қайталама өтiнiштер тексерiлуге жатпайды.
Toggle Dropdown
Органдарда өтiнiштер бойынша iстi тоқтату туралы шешiмдi органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға қақылы.
Toggle Dropdown
8-бап. Азаматтарды жеке қабылдау
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды адамдары айына кемiнде бiр рет азаматтарды жеке қабылдау жүргiзуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
Қабылдау жұмысы орны немесе тұрғын-жайы бойынша белгiленген және азаматтардың назарына салынған күндер мен сағаттарда өткiзiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
Егер лауазымды адам қабылдау кезiнде өтiнiш немесе шағымның шешiмiн таба алмаса, олар жазбаша түрде баяндалады да, олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
9-бап. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзу
Toggle Dropdown
Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзу заңдарда белгiленген тәртiппен iс жүргiзудiң басқа түрлерiнен бөлек жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастыру, iс жүргiзудiң жай-күйi үшiн жеке органдардың басшылары жеке-дара жауап бередi.
Toggle Dropdown
10-бап. Өтiнiштi қарау кезiндегi азаматтардың құқықтары
Toggle Dropdown
Өтiнiш берушi азаматтың:
Toggle Dropdown
шағымды, арызды тексерушi адамға дәлелдерiн өзi баяндауға;
Toggle Dropdown
қосымша материал беруге;
Toggle Dropdown
қабылданған шешiм туралы ауызша немесе жазбаша түрде дәлелдi жауап алуға;
Toggle Dropdown
өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасауға;
Toggle Dropdown
органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұза отырып қабылдаған шешiмдерi мен әрекеттерiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа беруге құқығы бар.
Toggle Dropdown
1
11-бап. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының:
Toggle Dropdown
өтiнiштердi қарау үшiн қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
Toggle Dropdown
азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеудiң жайы туралы халықты, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етiп отыруға;
Toggle Dropdown
қасақана жалған мәлiметтерi бар хабарламаларды тексеруге байланысты келтiрiлген шығындарды сот шешiмi бойынша азаматтан өндiрiп алуға құқықтары бар.
Toggle Dropdown
Органдар мен лауазымды адамдар:
Toggle Dropdown
азаматтардың өздерiнiң құзырына жататын өтiнiштерiн заңда белгiленген тәртiп пен мерзiмде қабылдауға және қарауға;
Toggle Dropdown
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
Toggle Dropdown
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
азаматтарға жазбаша немесе ауызша түрде қабылданған шешiмдер жайында хабарлауға;
Toggle Dropdown
шағымның оны берген адамға немесе оның мүддесiне орай берiлген адамға нұқсан келтiруiне жол бермеуге;
Toggle Dropdown
шағымдарды солардың әрекеттерiне шағым жасалған лауазымды адамдарға жiбермеуге;
Toggle Dropdown
мәселенiң объективтi түрде шешiлуiне мүдделi еместiгiне негiздер бар деп саналған адамдарға тексерудi жүктеу жағдайларын болдырмауға;
Toggle Dropdown
өтiнiш беруiне байланысты азаматтарды және олардың отбасы мүшелерiн қудалауға тыйым салуға;
Toggle Dropdown
азаматтардың келiсуiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен сақталатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер мен басқа да ақпаратты жарияламауға мiндеттi. Сондай-ақ өтiнiшке қатысы жоқ, азаматтың жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмейдi;
Toggle Dropdown
сын ескертпелерi бар азаматтардың өтiнiштерiн талдауға және жинақтауға, жұмысты жетiлдiру және азаматтардың шағымдарын тудыратын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
Toggle Dropdown
азаматтардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмыстың жай-күйiн ұдайы тексерiп отыруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
12-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар, сондай-ақ құқығы жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен оларды қараудың өзгеше ережелерi көзделмесе, осы Жарлықта белгiленген тәртiппен қаралады.
Toggle Dropdown
13-бап. Осы Жарлықтың күшiне енгiзiлу тәртiбi
Toggle Dropdown
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президентi