Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Министрлер Кабинеті мен Үкіметтің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 703 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы » Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы » 1999 жылғы 30 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлық пен ауыратын адамдарды еріксіз емдеу және оларды медициналық-әлеуметтік оңалту мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысы;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 906 қаулысы;
Toggle Dropdown
3) «Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік медициналық және басқа көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысы.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
Toggle Dropdown
«Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
Toggle Dropdown
үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың құрылымын, технологиясын, штаттық кестесін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамамен бекітілген стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс басталды.».
Toggle Dropdown
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
Toggle Dropdown
екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5) жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу;»;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары» деген 7-бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу».