Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 24-1, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қаулыға 24, 24-1-қосымшаларда көрсетілген жекелеген республикалық ұйымдардың және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады;»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 45 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына 24-1-қосымша
Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеуді жоғарылату коэффициентімен жүзеге асырылатын «Академиялық» мәртебесі бар коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
1. Астана қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2. Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |