• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 Қаулысы

Осы редакция 14.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берілiп отырған Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2005 жылғы 4 ақпандағы
 N 102 қаулысымен
 бекiтiлген
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп 
 беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа 
 қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы " және 2004 жылғы 9 шiлдедегi " Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурсты (бұдан әрi - Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды. 
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 136 (06.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Конкурс өткiзудiң мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады. 
3. Осы Ереженiң қолданылуы мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға таралмайды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 136 (06.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Конкурсты ұйымдастыру 
4. Конкурсты дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) мен оның аумақтық органдары облыстық атқарушы органдармен бiрлесiп жүзеге асырады. 
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурсты осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын комиссия жүргiзедi. 
Комиссияның құрамына: 
1) уәкілеттi органның (комиссия төрағасы); 
2) тиiстi облыстар әкiмдiктерiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасарынан төмен емес); 
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми және басқа да мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрi - ғылыми ұйымдар); 
4) уәкiлеттi орган аумақтық органының; 
5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілеттi орган аумақтық органының өкiлдерi енгiзіледi. 
5. Жергілікті маңызы бар су тоғандары бойынша Конкурс өткiзу үшiн уәкілеттi орган құрамына уәкілетті орган аумақтық органының (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органның, ғылыми ұйымдардың, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың өкiлдерi кiретiн Конкурс өткiзу жөнiндегi конкурстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады. 
Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауы және тақ санды құрауы тиiс. 
Комиссияның шешiмi мәжілiске оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3-і қатысуы шартымен көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. 
6. Уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы Конкурс өткiзгенге дейiн: 
1) Конкурстың өткiзілетін уақыты мен орнын; 
2) конкурстық құжаттарды алатын орынды және алу тәртiбiн; 
3) конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмiн; 
4) Конкурсқа шығарылатын балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) санын, олардың орналасқан жерiн, шекарасы мен балық өнiмдiлiгiн айқындайды. 
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн), олардың шекараларын белгілеудi уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде айқындайды. 
7. Конкурсқа шаруашылықаралық балық шаруашылығы iсiн ұйымдастыру және биологиялық-экономикалық зерттеу негiзiнде балық шаруашылығын жүргiзу үшiн перспективалы деп танылған резервтiк қордың балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) шығарылады. 
Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілген балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) облыстық атқарушы органдар оларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмдерiнiң күшін мынадай: 
1) уәкілеттi органның аумақтық органы мен жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арасында жасалған кәсiпшілiк балық аулау шартының және/немесе балық шаруашылығын жүргiзу шартының бұзылуы (тоқтатылуы); 
2) сот шешiмінің заңдық күшiне енуi; 
3) кәсiпшілік балық аулауға және/немесе балық шаруашылығын жүргiзуге арналып жасалған шарттардың талаптарын орындауға кедергi келтiретiн еңсерiлмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) туындауы негіздемелерi бойынша жойған жағдайда Конкурсқа шығарылуы мүмкiн. 
8. Уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын республикалық немесе облыстық мәнi бар мерзiмдiк баспа басылымына алда болатын Конкурс туралы хабарландыру бередi. 
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурс өткiзу туралы хабарландыру Конкурстың өткiзілетiн орны, уақыты және оны өткiзу шарттары мен конкурстық құжаттаманы алу туралы ақпаратты қамтуы тиiс. 
Республикалық және халықаралық мәнi бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурс өткiзу туралы хабарландыру кемiнде аптасына 5 рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында тарайтын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады. 
9. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген жеке және заңды тұлғалар Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттама aлу үшiн уәкiлетті органның аумақтық органдарына жүгiнедi, осы Ереже талаптарына сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және оны уәкілетті органның аумақтық органына: 
1) қатысушының толық атауы және мекен-жайы (егер ол кешiккен болып хабарланса, конкурстық өтiнiмдi ашылмаған күйде қайтару мақсатында); 
2) уәкілетті орган аумақтық органының мекен-жайы; 
3) "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс" деген сөздер көрсетiлген жабық конвертпен ұсынады. 
Конкурстық өтiнiм тiркелген сәттен бастап аталған өтінімді ұсынған тұлға Конкурсқа қатысушы болады. 
10. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органдары конкурстық өтiнiмдер берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiмде хаттама ресiмдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өз бастамасымен өзгерiстер енгiзе алады. 
Енгiзiлген өзгерiстер конкурстық құжаттаманы алған Конкурсқа қатысушыға дереу хабарланады. 
11. Конкурстық өтiнiм: 
1) Конкурсқа қатысуға арналған белгiленген нысандағы өтiнiштi (1-қосымша); 
2) өтінiм берушінің Конкурсқа қатысушыға қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi):