• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Балық аулау ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 14.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Балық аулау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Қаулысы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 18 наурыздағы
 N 246 қаулысымен
 бекiтiлген
Балық аулау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балық аулау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық аулауды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. 
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекiтiлген Жануарлар дүниесi объектілерiн пайдалануға шектеулер  мен тыйым салуды белгiлеу ережесiне  сәйкес уәкiлеттi орган  балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлейдi. 
3. Осы Ереженiң күшi сарқынды су жинақтауыштары мен балық питомниктерiнiң су тоғандарына, сондай-ақ уылдырық шашу-өсiру, тоғандық, көл тауарлық және басқа да балық өсiру шаруашылықтарына, балық аулаудың  өзге тәртiбi белгiленген ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолданылмайды. 
4. Балық аулау - балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. 
5. Балық аулау мынадай түрлерге бөлiнедi: 
1) кәсiпшiлiк балық аулау; 
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау. 
6. Кәсiпшiлiк балық аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. 
Кәсiпшiлiк балық аулау балық шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) ғана жүзеге асырылады. 
7. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - балық аулаушының олжаланған өнiмдi жеке тұтынуы, спорттық, эстетикалық қажеттiлiктi қанағаттандыруы мақсатында балық аулауы және басқа да су жануарларын олжалауы.
2. Балық аулау тәртiбi
8. Кәсiпшiлiк балық аулауға пайдаланушыда мынадай құжаттар болған кезде рұқсат етіледi: 
1) рұқсат; 
2) уәкiлеттi органмен кәсiпшiлiк балық аулауға жасалған шарт; 
3) көрсетiлген шарт жасалған жағдайда, балық шаруашылығы су тоғаны (учаскесi) бекiтілiп берiлген пайдаланушы мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы шарт; 
4) уәкiлетті орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған, уәкiлетті органның мөрiмен куәландырылған кәсiпшiлiк журналы (бұдан әрi - журнал). 
9. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға пайдаланушыда мынадай құжаттар болған кезде рұқсат етiледi: