Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Балық аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 64 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балық аулау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 136-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесінде:
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Балықтың кәсіпшілік мөлшері (аузы жабық кезде) тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенеді және осы ереженің қосымшасына сәйкес белгіленеді. Шаяндардың кәсіпшілік мөлшері көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшеумен айқындалады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Балықтардың бекіре тұқымдас түрлері ауға түсіп қалған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дарақтары табиғи мекендейтін ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.»;
11-тармақ алынып тасталсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) белгіленген тәртіппен берілетін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз (бұдан әрі – рұқсат) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоюға;»;
13) тармақша алынып тасталсын;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) балық аулауға тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған мерзiмде балық уылдырық шашатын кезеңде балық аулау жарыстарын және басқа да бұқаралық iс-шаралар жүргiзуге;
18) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерi мен оларға iргелес жатқан су қорғау аймақтарында көлiк құралдарын жууға»;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) осы ереженің қосымшасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балықты алуға жол берілмейді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Алып қойылған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатта немесе жолдамада (әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде) немесе кәсіпшілік журналында белгіленеді.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін алып қоюмен жүзеге асырылған кезде, алып қойылған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын белгілеуді қажет етпейді.»;
20-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) рұқсаттарда көзделмеген аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға;»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын тұлғалар әр ауланымды түрлер бөлінісінде кәсіпшілік журналына тіркейді.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға 5 данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ шаяндар мен басқа да су жануарларын және омыртқасыздарды аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде пайдаланылады.
25. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз, осы ереженің, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салудың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.»;
26 және 28-тармақтар алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ғылыми-зерттеу үшін аулау балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары көрсетіле отырып белгіленеді. Журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат та көрсетіледі.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Аумақтық бөлімшенің ихтиологиялық қызметінің негіздемесі және басшының бұйрығы бақылау үшін аулауды жүргізуге негіздеме болып табылады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Мелиоративтік аулауды осы су айдыны және (немесе) учаске бекітілген балық шаруашылығы субъектісі, ал резервтік қорда мелиоративтік аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат алған басқа да жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.»;
60-тармақ алынып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 64 қаулысына қосымша
Балық аулау ережесіне қосымша
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсiпшілік мөлшері
Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзенi
Аулауға рұқсат етілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының сантиметрлік (бұдан әрi – см) мөлшері (бұдан әрі мәтін бойынша – кәсiпшілік балық мөлшері): сазан – 35, көксерке – 38, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65, патшабалық – 17, қылышбалық – 31, ақмарқа – 31, айнакөз –18.
2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгі Сырдария өзенi, Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындары және Келес, Арыс өзендерi
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 30, көксерке – 38, айнакөз – 18, патшабалық – 17, ақмарқа және қылышбалық – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65.
3. Үлкен, Кiшi Арал теңiзi және Қызылорда облысы шегiндегі Сырдария өзенi
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 35, ақмарқа – 31, көксерке – 38, табан – 20, арал тортасы – 17.
4. Қызылорда облысының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 38, табан – 20, ақмарқа – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45.
Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi үшін
1. Балқаш көлi, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Iле өзенi, Қаратал, Лепсi, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен салаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 40, табан – 19, ақмарқа – 37, көксерке – 37.
2. Қапшағай су қоймасы және Қапшағай су қоймасынан Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі – ҚХР) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Iле өзенi
Кәсiпшілік балық мөлшері см: табан – 26, сазан – 40, ақ амур – 55, жайын – 80, көксерке – 38, ақмарқа – 37, дөңмаңдай – 70.
3. Алакөл көлдер жүйесi
Кәсiпшілік балық мөлшері см: көксерке – 37, сазан – 43.
Зайсан-Ертiс балық шаруашылығы бассейнi үшін
1. Бұқтырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені
Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 45, көкшұбар балық – 19, көксерке – 38, шортан – 32.
2. Шүлбi су қоймасы
Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 36, көксерке – 38.
3. Павлодар облысының шегіндегі су айдындары және Ертіс өзені
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 32.
Есіл балық шаруашылығы бассейні үшін
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: шортан – 42.
Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, оңғақ – 20, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық – 22.
2. Қарағанды және Павлодар облысының шегiндегi Қаныш Сәтпаев атындағы арна
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, оңғақ – 20.
Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні үшін
Қостанай және Ақтөбе облыстарының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см:
1) Қостанай облысының су айдындары үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) – 26, көксерке – 45, табан – 20, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9;
2) Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары үшiн: сазан (тұқы) – 45, көксерке – 45, табан – 22, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9;
3) Ақтөбе облысы су айдындары үшін: шортан – 40, табан – 19, тұқы (сазан) – 33, мөңке – 21, аққайран – 24, торта – 19, оңғақ – 17, көксерке – 37, жайын – 53, ақмарқа – 40, нәлім – 45, шаян – 9.
Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: солтүстік Каспийдегi көксерке – 37, ортаңғы Каспийдегі теңiз көксеркесi – 30, Каспийдің шығыс бөлiгiнен басқа сазан – 40, Каспийдің шығыс бөлiгiндегi сазан – 30, табан – 24, қаракөз – 17, қызылқанат шұбар балық – 17, майшабақ – 20, бозаңқы – 14, ақ амур – 75, дөңмаңдай – 75, анчоус тәрізді шабақ және қамса бадырақ шабақ – 7, шаян – 9, ақмарқа – 41, тiкендi балық – 24, жайын – 53, шортан – 30, балпан балық – 17, қылышбалық – 26, ақкөз балық – 22.
2. Атырау облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: қаракөз – 18, көксерке – 37, ақмарқа – 41, жайын – 53, шортан – 30, сазан – 40, балпан балық – 17, ақкөз балық – 22, қызылқанат шұбар балық – 17, қылышбалық – 26, табан – 24, беріш – 26.
3. Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 40, табан – 24, қаракөз – 17, қызылқанат шұбар балық – 17, ақ дөңмаңдай – 75, шаян – 9, көксерке – 43, ақмарқа – 41, жайын – 53, шортан – 30.
Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні үшін
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 36, көксерке – 42, табан – 21, мөңке – 20, аққайран және қызылқанат шұбар балық – 22, торта және тарақ-балық – 19, ақмарқа – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |