Осы редакция 07.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 Қаулысы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi;
2) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Омыртқасыз жануарлар түрлерiнiң Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзуге арналған тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 маусымдағы N 573 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 18, 165-құжат);
2) "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 сәуiрдегi N 408 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 10-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының